jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Құрбан айт: Ақтөбелік көпбалалы аналар пакет алып, мал базарын жағалап жүр (фото)

: UGC

Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке - Құрбан айт тойланып жатыр. Ақтөбеде бір сапта тұрып намаз оқыған тұрғындар бірін-бірі мерекемен құттықтап, мал базарына қарай ағылуда деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құрбан айт: Ақтөбелік көпбалалы аналар пакет алып, мал базарын жағалап жүр (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Базарда халық ығы-жығы. Мал саудасы қызып тұр. 

Бір тоқтының бағасы 25 мың теңгеден басталса, семіз қойды 45 мың теңгеге табасыз. Ал ірі-қараның бағасы 180 мыңнан басталады.

Құрбан айт: Ақтөбелік көпбалалы аналар пакет алып, мал базарын жағалап жүр (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Бүгін базарға келіп жатқан малдың санын есептеу мүмкін емес. Өте көп. Мал саудалаушылардың да, құрбандық шалушылардың да саны өте көп.

Мал сойылу таң намазынан кейін бірден басталды. Кешке дейін сойылады. Үш күн бойына осындай жағдай болады.

Құрбан айт: Ақтөбелік көпбалалы аналар пакет алып, мал базарын жағалап жүр (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Базарда ресми түрде 70 мал сою орны бар. Ресми еместерін қосқанда жүзден асып кетеді.

Қасапшылар саны да осындай. Өзіміздің 50 қасапшымызбен қоса, сырттан келгендерді қосқанда базарда жүзден аса қасапшы жүр.

Құрбан айт: Ақтөбелік көпбалалы аналар пакет алып, мал базарын жағалап жүр (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Сонымен қатар, ертеден құрбандық шалудың ретін үйретіп жүрген 5-6 имам келді", - дейді базар басшысы Ғалым Ұқасов.

Базарда құжаттарын көрсетіп көпбалалы аналар да жүр. Олар жағдайларын айтып, құрбан шалушылардан еттің бір бөлігін сұрап алуда.

Ал 3 мың теңгеге малыңды сойып, бөлшектеп беретін қасапшылар бәрін де Алланың атымен жасап жатқанын айтады.

"Бір малды сойып, бөлшектеуге 5-10 минут кетеді. Тарататын адамды іздеудің керегі жоқ. Көпбалалы аналар, ақ жаулықты әжелер пакеттерін ұстап өріп жүр", - дейді Бақытжан есімді қасапшы.
Құрбан айт: Ақтөбелік көпбалалы аналар пакет алып, мал базарын жағалап жүр (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Құрбан айт: Ақтөбелік көпбалалы аналар пакет алып, мал базарын жағалап жүр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.