jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбеде Құрбан айт мешітте ерекше тойланды (фото)

: Original

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесі ауқымды түрде аталып өтті. Бүгін қалалық мешітте 2500 адам айт намазына сапқа тұрды. Айт намазынан кейін мешіт ауласында ойын-сауық басталды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Көпбалалы аналардың балалары лимузинге отырып, қаланың көрікті жерлерін аралады.

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Мұсылмандар мерекесін сезіндіру мақсатында халыққа, келген жамағатқа арналып, мешіт ауласына киіз үй тігілді. Ақсақалдар, орта буынды ағаларымыз мереке дастарханына шақырылды.
Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Әйелдер, жас бала, бүлдіршіндерге арналған мешіттің оң қапталына аттракциондар қойылды.

Батуттар, тәтті шырындар барлығы тегін. Құрбан айттың үлкен мереке екенін кішкентай балалар да сезініп, көруі керек.

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Осы шараның бәрі мешіттің жанашыр кәсіпкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылды",-дейді қалалық мешіт имамы Амантай Сәдиев.
Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қалалық орталық мешітте жылдағы дәстүр бойынша мектепке жол акциясы да бүгін өткізілді.

Айт намазынан кейін қала әкімі мен қала имамы жүз балаға оқу-құралдарын таратты.

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Барша мұсылман қауымы үшін ең ұлық Құрбан айт мерекесі құтты болсын! 

Бұл күні отбасы мен туған-туысты, жақындарымызды құттықтап, бәріне жылы сөйлеп, көңілін көтеру, елді бірлікке шақыратын амалдар жасаған игі іс болмақ.

Ал, мемлекеттің мықты болуы елдің ынтымағына байланысты", - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.
Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мерекеде мешіттің сол жағында ер азаматтар спорттық ойындарға шақырылды. Гір көтеру, арқан тартыс, қол күреске бәйге тігілді.

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбелік имам ерекше мереке ұйымдастырды (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Тегін лимузин, ақысыз батут: Ақтөбеде Құрбан айт мешітте ерекше тойланды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.