jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ер бала сүндеттелгеннен кейін ғана мұсылман бола ма?

: Instagram

Ер баланың тек сүндеттелгеннен кейін мұсылман болатыны рас па? Имамдар ел көкейіндегі сауалға жауап берді деп хабарлайды "Замана" басылымы.

Көрнекі сурет. Фото:pixabay.com
Көрнекі сурет. Фото:pixabay.com: Instagram

Кейде сүндеттелген балаға тілек айта тұрып, "Ұлыңыздың мұсылман болғаны құтты болсын" дегенді естиміз.

"Әкесі - мұсылман, анасы - мұсылман бола тұра дүние есігін ашқан сәбидің сүндеттелгенше мұсылман бола қоймағаны ма? Тіпті азан шақырып, есім де қойылған ғой" деген ойдың болатыны жасырын емес.

Бұған қатысты жауап берген имамдар мұның жаңсақ пікір екенін, сәби дүние­ге келісімен-ақ мұсылман болатынын айтады.

"Бұл – қате ұғым. Сүндеттеу – мұсылман парыздарының бірі. Сәби дүние­ге келісімен-ақ - мұсылман. "Ұлыңыздың сүндеті қабыл болсын", "Сүндет тойы құтты болсын" деп тілек айт­қан орынды", - дейді жергілікті имамдар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.