jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Нұр-Сұлтан әкімдігі жағдайы төмен жанұядағы балалар үшін 200 млн теңге бөлді (фото)

: UGC

Елорда әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Астана әкімдігі 20 тамыздан бастап халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар беруді бастады.

"Бүгінгі күні 8000 сертификат беріліп, оларға сәйкес 78 бала киім сатып алып үлгерді. Сонымен қатар, 81 мектептегі әлеуметтік тәрбиешілерге сертификаттар тапсырылды, олар ата-аналарға мектеп тауарларын сатып алуға 2300 құжат берді", – делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Айта кету керек, әлеуметтік көмек төленетін отбасылардың балалары, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен АӘК төленбейтін отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған көмекті алуға құқылы.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook
Сонымен қатар, әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, сертификатты төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары, білім беру ұйымының алқалық басқару органы анықтаған оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттары ала алады.
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Жалпыға бірдей міндетті оқу бағдарламасы аясында мектеп формасы мен оқу құралдарынан бөлек, балаларға ыстық тамақ беріледі. Жазғы сауықтыру лагеріне жолдамамен қамтамасыз етіледі, мәдени және спорттық шараларға қатысуға мүмкіндік беріледі.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Нұр-Сұлтан әкімдігі жағдайы төмен жанұядағы балалар үшін 200 млн теңге бөлді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.