Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін 7 жылдан бері арқалап жүрген ақтөбелік азаматқа көмек керек (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылының тұрғыны Көпжүрсін Өтепбергенов көптің көмегіне мұқтаж. 45 жастағы азамат жеті жылдан бері бірінші топ мүгедегі деп танылған жұбайын арқалап жүр. Ерлі-зайыптыларға жоғарғы қабаттағы үйіне кіріп-шығудың өзі мұң деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысында әйелін 7 жылдан бері арқалап жүрген азаматқа көмек керек (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
«Әйелім 2012 жылы аяқ астынан ауырып, отбасымызда аздаған қиындықтар басталды. Отадан кейін әйелім жүре алмай қалды.

Сыртқа тек дәрігерге барарда шығамыз. Бесінші қабатқа сау адамның өзі мініп-шығу оңай емес. Бір ересек адамды арқалап шығудың қандай боларын ойлай беріңіз.

Үйде пандус жоқ. Арқаланып жүріп құласақ, екеуміз де өлеміз», -дейді​ Көпжүрсін Өтепбергенов.
Ақтөбе облысында әйелін 7 жылдан бері арқалап жүрген азаматқа көмек керек (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жұбайы Қарлығаш Тұрақбаеваның бас миынан онкологиялық ісік анықталып, бірнеше рет ота жасатқан. Келіншек қазір өздігінен жүріп-тұра алмайды.

«Кейде таза ауаға шыққың келеді. Жолдасым болмаса орнымнан қозғала алмаймын. Үйдегі әжетханаға да сүйемелдеумен барамын. Аяғым басылмайды. Осы үйімізді алмастырып, төменгі қабаттан үй берсе деген тілегіміз бар», - дейді Қарлығаш Тұрақбаева.

Ақтөбе облысында әйелін 7 жылдан бері арқалап жүрген азаматқа көмек керек (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Отбасы емін-еркін кіруге ыңғайлы бірінші қабаттан баспана болса деп армандайды.

«Әкімдіктегілер аттарыңда үй бар деп отыр. Мен тегін үй сұрап отырған жоқпын. Осы үйді үкімет алып, бізге бірінші не екінші қабаттан екі бөлмелі үй берсе екен.
Үстіндегі ақшасын жайлап өзім де төлеп тұрар едім. Есепшот ашып, қаржы жинай алмаймыз. Бізге бір Құдайдан басқа ешкім көмектесіп жатқан жоқ», - дейді Көпжүрсін Өтепбергенов.

Ер адам аудандық әкімдіктің күзет қызметінде жасайды. Әйелі үйдің шаруасына да жарамайды. Оларға 15 жастағы жалғыз қыздары қолғанат болып отыр.

Ақтөбе облысында әйелін 7 жылдан бері арқалап жүрген азаматқа көмек керек (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жергілікті әкімдік баспанадан көмектесе алмайтынын кесіп айтты.

«Аталған отбасыға әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Мүгедектер күніне орай қыркүйек айында бір жолғы әлеуметтік көмек төленетін болады.
Жыл сайын атаулы күндер мен мерекелерде азық-түлік пакеттері беріледі. Аталған отбасының атында жеке тұрғын үй болғандықтан заңға сәйкес баспана ала алмайды», - дейді аудан әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812309-aktbe-oblysynda-jelin-7-zyldan-beri-arkalap-zrgen-azamatka-kmek-kerek-foto/

pixel