jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Шымкентте бір мектептен түлеп ұшқан 88 түлектің 80-і грант иегері атанған

: Twitter

ҰБТ тапсыру нәтижесіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша үздік көрсеткіш иегері ретінде №90 орта мектеп көш бастап тұр. Жыл сайын жоғарғы нәтиже көрсетуді дәстүрге айналдырған білім ордасынан 2018-2019 оқу жылында 88 түлек түлеп ұшып, олардың 80-і грант иегері атанған деп жазады Замана.

Фото: zamana.kz
Фото: zamana.kz: Twitter

Үнемі үздіктер қатарынан көрінетін білім ошағының бұл жолғы жетістігі жөнінде мектеп директоры Арман Орынбеков айтып берді.

"2018-2019 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге мектебімізден 88 бітіруші түлек қатысты. Қуантарлығы, алтыншы тамыз күнгі жарияланған мәліметтер бойынша мектебіміздің 80 түлегі мемлекеттік грант иегері атанып отыр. Биыл біздің білім ордамыздың тесті­леу­дегі орташа көрсет­кіші 107 балды кұрап отыр. Былтырғы оқу жылымен салыс­тыр­ғанда қала мек­тептері арасында ең үздік нәтижеге жеттік.

Түлектеріміздің басым көпшілігі ақпараттық технологиялар, менеджмент және басқару, әуе кө­лігі және технологиялары, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, жалпы медицина, электр техникасы және энергетика мамандықтарын таңдаған. Олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Сүлейман Демирель атындағы университет пен Азаматтық авиация академиясы секілді еліміздің алдынғы қатарлы ЖОО-ның студенті атанып отыр.

Мұның барлығы талапшыл пән мұ­ғалімдері мен ықыласты ата-аналарымыздың еңбегі деп білемін. Бітірушілерге мамандық таңдауда мектеп тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, мемлекеттік грант иегері атануына мүмкіндік жасалып отырады. Сондықтан да болар, жеті жыл көлемінде 500-ден астам түлектеріміз ЖОО-ның грант иегерлері атанды" , - деп мақтанды білім ошағының басшысы.
Шымкентте бір мектептен түлеп ұшқан 88 түлектің 80-і грант иегері атанған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.