Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Huawei Technologies Kazakhstan басшысына қатысты жанжал жалғасын тапты

Опубликовано:

Huawei Technologies Kazakhstan басшысымен болған жанжалға қатысты алғашқы ресми пікір білдіршіулер пайда болды. Мэн Цинбо (Meng Qinbo) жемқорлыққа қарсы күрес заңын бұзды деген күдікке ілінген болатын деп жазады «Время» басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мэн Цинбо. Фото с сайта cioclub.kz
Мэн Цинбо. Фото с сайта cioclub.kz: UGC

Басылымның мәлімдеуінше, өкілдік басшысының бұрынғы қызметкері оның үстінен сотқа арыз түсірген. Келіншек жетекшісі оған және өзге әріптестеріне қысым көрсеткенін жайып салды.

Ол өз әрекеттерімен жұмысшыларын ұлттық компаниялар мен өзге де мекеме өкілдерінен өткізіліп жатқан тендерлерге қатысты ақпаратты қалай болса да табуға мәжбүрлеген.

Оған қоса, мақалада "қажетті адамдармен" қалай сөйлесу керектігін регламенттеуші ережелер бар құжаттардың жасалғаны жазылды.

Сонымен қатар, сот отырыстары барысында шетелдік топ-менеджерге көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар да қойылды.

Жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында іс бойынша төрағалық етуші прокуратураға жеке қаулы жіберді.

Басылым редакциясы құзырлы органнан жауап алды. Онда сот құжаты жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің елордалық бөліміне жіберілгені хабарланды. Аталмыш мекеме істі егжейлі-тегжейлі қарап шығуы тиіс.

Материал авторының жазуынша, прокуратура тексерісті өздігінен жасай алатын еді. Алайда, құқыққорғау қызметкерлері істі нағыз кәсіби мамандарға сеніп тапсырмақ болған.

Анықталғандай, жемқорқыққа қарсы күрес қызметкерлері оқиғаның түбіне жету үшін барын салуда. Алдағы уақытта енді тексерістің нәтижесін күту қалды.

Басылымның хабарлауынша, жіберілген сауалға қытайлық компания тарапынан жауап әлі келген жоқ.

Ақпаратты "Время басылымы" ЖШС рұқсатымен ғана басып шығаруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812951-huawei-technologies-kazakhstan-bassysyna-katysty-zanzal-zalgasyn-tapty/

pixel