Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адамдарды әдейі қаққан көліктер табылды (фото)

Опубликовано:

Алматы полициясы адамдарды жаппай басып кеткен екі көлікті тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД
Фото: Алматы қаласы ПД: UGC

Тергеу басқармасының мәліметінше, ҚР ҚК 24-бабы, 3-тарауы бойынша қозғалған қылмыстық іс материалына заттай айғақ ретінде екі автокөлік: ақ түсті "Тайота Камри" мен қара түсті "Тойота Авенсис" тіркелді.

"Екі көлік құралы да криминалдық зертханада зерттелді, оларда басып кету белгілері бар. Тиісті сараптама тағайындалды.
Тергеуші көліктерге қылмыс құралы ретінде қарап, автокөліктерге тыйым салған шешімінің шығуына байланысты, қазір арнайы автотұраққа қойылды", - деді Алматы қаласы ПД полиция подполковнигі, тергеу басқармасы басшысының орынбасары Думан Аухадиев.
Фото: Алматы қаласы ПД
Фото: Алматы қаласы ПД: UGC

Сондай-ақ, маман кеше кешкісін полицияның жедел бөлімі қылмысқа қатысы бар күдіктіліердің бірі - 1995 жылы туған, Алматы облысының тұрғынын ұсталғанын да хабарлады. Ол "Тайота Камри" көлігінің рөлінде отырған. Күдікті қамауға алынған.

Фото: Алматы қаласы ПД
Фото: Алматы қаласы ПД: UGC
"Екінші жүргізуші анықталды, жақын уақытта міндетті түрде ұсталатын болады, уақыттың еншісінде. Адамдарды қағып кеткен "Тойота Авенсис" көлігі табылып, тұраққа алынды.
Өндіріс барысында тергеудің толықтығы және объективтілігі қамтамасыз етілетіндігін атап өтеміз", - деп түйіндеді подполковник Аухадиев.

Естеріңізге сала кетейік, адамдарды әдейі қаққан көліктің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813118-almatyda-adamdardy-deji-kakkan-klikter-tabyldy-foto/

pixel