Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абаев: Біз бүкіл әлемнің туристері қазақ жерінің сұлулығын бағалағанын қалаймыз

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда "Қазақстанды таны" атты блогерлердің ауқымды халықаралық форумы өтіп жатыр - ашылуында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев туризмді дамытуда блогингтің маңызы зор екенін атап өтті, - деп жазады NUR.KZ.

Абаев: Біз бүкіл әлемнің туристері қазақ жерінің сұлулығын бағалағанын қалаймыз
Даурен Абаев. Сурет: NUR.KZ: Facebook

Министр атап өткендей, Қазақстан – жас мемлекет болғанымен даңқты да, қайғылы сәттерге толы терең тарихқа ие.

"Біздің мәдениет Тамғалы жартастағы суреттерде және сақ тайпаларының аң стилінен тамыр алады. Бірақ біздің басты байлығымыз - адамдар, бізде 100-ден астам этностарының, әр түрлі конфессиялар мен діндердің өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрып жатыр.

Еліміздің әр түрлі өңірлеріне барып келген форум қатысушылары бұған көз жеткізе алғанына сенімдімін. Біз бүкіл әлемнің туристері қазақ жерінің сұлулығына баға бергенін қалаймыз. Бүгін бұл залда әлемнің 18 елінен келген блогосфераның ондаған көшбасшылары жиналды. Бұл кездейсоқ емес.

Қазіргі әлемде блогерлер біздің киіну үлгімізге, таңдаған асымызға, тыңдаған әуендерімізге және көретін фильмдерімізге, бос уақытты қайда және қалай өткізетінімізге әсер етеді. Сіздер біздің көптеген елдердің туризмі, урбанистикасы, сәулеті және мәдениеті туралы түсінігімізді түбегейлі өзгерттіңіздер", - деп атап өтті Абаев.

Абаев: Біз бүкіл әлемнің туристері қазақ жерінің сұлулығын бағалағанын қалаймыз
Сурет NUR.KZ: Facebook

Сонымен қатар ол - Түркиядағы Каппадокия, АҚШ-тағы "Ванна дьявола" шатқалы Instagram-дағы жарияланымдар сериясының арқасында аса танымалдылыққа ие болғанын да атап өтті.

"Мен бүгінгі форум біздің тамаша еліміз туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа контентті құрудың бастамасы болатынына сенімдімін", - деп толықтырды Абаев.

Ақпарат көзі: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814433-abaev-biz-bkil-lemni-turisteri-kazak-zerini-slulygyn-bagalaganyn-kalajmyz/

pixel