Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бұрынғы монша ғимаратындағы шудан кейін оқушылар өзге мектепте оқитын болды

Опубликовано:

Шымкентте бұрынғы монша ғимаратында білім алуға мәжбүр оқушылар енді уақытша өзге мектепте білім алатын болды. Себебі аталған ғимаратта балалардың оқуына толық жағдай жасалмаған және құзырлы мекеме тарапынан рұқсат берілмеген болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мектепке айналған бұрынғы монша ғимараты. Фото: KAZ.NUR.KZ
Мектепке айналған бұрынғы монша ғимараты. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Еске салсақ, 3 қыркүйекте Шымкент қалалық білім басқармасының материалды техникалық базаны бөлімінің басшысы Серік Бабақұлов KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында аталған ғимаратта (бұрынғы монша: автор) оқушылардың оқуына санитарлы эпидемиологиялық мекеме тарапынан рұқсат берілген деген болатын.

Алайда 4 қыркүйекте бұл ғимаратта білім беруге ешқандай рұқсат берілмегені анықталған.

Шымкент қаласы, Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Түктібай Ералқасын ғимарат талапқа сай келмейінше, рұқсат бермейтіндерін айтады.

"Лабораториялық тексеру жүргізіледі. Ғимараттың жағдайы, оқу бөлмесінің климаты, жарығы, ауыз су кіреді оған. Өзінің стандарты бар, егер соған сәй келсе, рұқсат беріледі. Ал әзірге қорытынды жоқ. Сосын мұнда асхана, спорт зал, әжетхана, ғимараттың шатыры талапқа сай емес. Мен егер қазір білім алуға рұқсатты берсем, нысанның иесі кәсіпкерге артықшылық көрсеткен боламын да үстімнен қылмыстық іс қозғалады. Ертең бір оқыс жағдай орын алып, оқушыға қауіп төнсе, кім жауап береді?", - дейді басқарма басшысы. 

Сондай-ақ, шаһарда №80 мектепке қатысты мәселе бойынша сала мамандары мен "Нұр Отан" партиясының жергілікті филиал өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Партияның Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы көтерілген мәселеге қатысты бір шешімнің шыққанын жеткізді.

"Ғимарат иесі толықтай жөндеу жұмыстарын бір айда аяқтайтын болды. Егер қабырғаларды бұзу сынды күрделі жұмыстар болмаса бір айға жетпестен нысанды тапсырамын деп отыр. Ал оған дейін №80 мектептің сыймай қалған мыңнан астам оқушысы дәл осы шағын аудандағы №132 мектепте уақытша оқиды", - дейді партия өкілі.

Еске сала кетейік, Шымкентте №80 мектептің ата-аналары биыл балаларының бұрынғы монша ғимаратында оқитынын естіп, наразылығын білдірген болатын.

Ата-аналар тарапынан шыққан шудан соң бастауыш сынып оқушылары ертеңнен, яғни 5 қыркүйектен бастап бұрынғы монша ғимараты талапқа сай жөнделгенше, №80 мектептің басты ғимаратында оқитын болды.

Ал мәселе шешілгенше жоғары сыныптың оқушылары өздерінің мұғалімдерімен №132 мектепте білім алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814581-symkentte-bryngy-monsa-gimaratyndagy-sudan-kejin-okusylar-zge-mektepte-okityn-boldy/

pixel