jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Қаңғырып жүрміз": Елордада алты баласы бар келіншек лашықта тұрып жатыр

: Facebook

Нұр-Сұлтанда өлместің күнін кешіп отырған көпбалалы отбасы құлағалы тұрған бөлмеде өмір сүріп жатыр. Оның өзін 50 мыңға жалдайды деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Салтанат елордаға 6 жыл бұрын көшіп келген. Алты баланың анасы бұған дейін жертөлені паналап келіпті. Жолдасының қайтыс болғанына бір жыл да болмаған. Үлкен баласы колледжде оқиды, кішісі 6 айлық.

"Мына тұрып жатқан жеріменің де жертөледен айырмашылығы жоқ. Қазірде мынау соңғы мерзім, қыркүйекке дейін ғана. Бұны да маған бір спонсор тауып берген. Үй болмаса бәрібір біздің көңіліміз жай емес. Қазіргі кезде қаңғырып жүрміз. Сол үй болса. Маған ойбай алда-жалда бір үй бер демеймін. Ең болмағанда жалдап тұратын, 6 баламмен сиятын үй керек", - дейді әйел адам.
Кадр Астана арнасы
Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Ал пәтер иесі болса тар бөлменің қабырғасы опырылуға шақ тұрғанына алаңдайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол, алты балалы келіншекке баспана беру керек деген ойда.

Айта кетейік, биылдан бастап көп балалы аналар тезірек үй алу үшін тұрғын үй заңнамасына түзету енгізілді.

Ол бойынша бірнеше тиімді бағдарламалар іске қосылды. Осы салаға жауапты маман көпбалалы ананың тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтты

"Нұр-Сұлтан қаласының азаматшасы Молдабекова Салтанат Жақсыбаевна, ол 2019 жылдың 13 маусымынан тұрғын үй кезегінде тұр, көпбалалы аналар санаты бойынша. Қазіргі уақытта ол кісінің очерді яғни кезегі 3486 болып тұр", - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының үй кезегіне есепке қою бөлімінің бас маманы Дидар Сауқымбек.

А. Данияр

"Қаңғырып жүрміз": Елордада алты баласы бар келіншек лашықта тұрып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.