Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер қайта оқушы болып, жұртты таңғалдырды (фото)

Жарияланған күні:

Жақында Шымкенттегі мектептердің бірінде ерекше кездесу кеші өтті. Онда білім ордасын сонау 1978-1979 оқу жылында бітірген түлектер бас қосты. Ең қызығы, жасы келген аға-әпкелер мектеп формасын қайта киген деп хабарлайды "Замана".

Түлектер. Фото: Замана
Түлектер. Фото: Замана: Facebook

Кездесуге жиналғандар – 1979 жылы Өзбекстанның Гагарин қаласындағы №6 мектепті бітіргендер. Олар Шымкенттің "Асар" шағын ауданындағы мектепте кездесуге рұқсат алған. Себебі көбісі Қазақстанда тұрады, ішінде "Асар" шағын ауданында тұратындары да бар.

"Негізі мұның алдындағы бес жылдық, 10 жылдық, 20 жылдық кездесулерді ұйымдастыруға да атсалысқанмын. Ол кезде жанымда сыныптас үш жігіт бар еді. Биыл олардың бірі Павлодарда, бірі шетелде болып, жұмыстан босай алмады", - дейді Манат Тұрсынова.

Қазір бір сыныпты тәмамдаған 33 баланың 12-сі бақилық болыпты. Ал қалғандары кездесудің жоспарын жасап, ақылдасыпты.

"Сыныптас құрбы-құрдастарымның 95 пайызын жинадым. (...) Сосын ойыма келген бір жобаны іске асырып, бәрімізге арнап мектеп формасын тіктірдім. Үлкен ұлым бизнеспен айналысатын еді, сол біраз ақша берді, басқа да демеушілер табылды. Бұл кездесуде ұлдар ақ көйлекке қызыл галстук тағып, ал қыздар форма-фартукпен, ақ бантик, қызыл галстук тағып жүрдік. Балауса, балғын шақтарымызды еске алып, толқумен болдық", - дейді Манат Дүйсенқызы.
Түлектер. Фото: Замана
Түлектер. Фото: Замана: Instagram

Кешті ұйымдастырған түлек сағыныштан жылап жіберген тұсы болғанын жасырмады.

"Сынып бөлмелерінде қазақ тілі­нен, неміс тілінен сабақтар өткізілді. Есімізде қалған өлеңдерді тақпақтап айттық. Ұлдар бантигімізден тартып, апайларымызға бір-біріміздің үсті­мізден шағым айтып, балғын шақтағы қылықтарымызды еске түсіріп, біраз күлісіп те алдық", - деп түйіндеді ол.

Өмірден өткен сыныптастыры мен ұстаздарына ас берген түлектер бір дастарханда 250-дей адамның басын қосқан. Ал бұл ерекше кездесуде қызықты жайлар аз болмаған көрінеді. Тіктірген киімі сыймай, 40 жыл бойы көрмеген сыныптасын танымай қалғандар да бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816017-symkentte-40-zyl-bryn-mektep-bitirgen-tlekter-mektep-formasyn-kajta-kidi-foto/