Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Би кешіне барып үлгердік": Дәурен Абаев мектепте оқыған кезін еске алды

Жарияланған күні:

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің оқушы кезін еске алып, сыныпты қалай тазалағанын айтты деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Абаев. Видеодан кадр
Дәурен Абаев. Видеодан кадр: Facebook

Министр "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында мектепте тазалық жұмыстарын жүргізгенін, масақ теруге барғанын есіне алды.

"Білесіз бе, мектеп қалай кезекші болғанымыз, толық тазалау жұмысын жасағанымыз есімде. Жаңылыспасам, одан бөлек масақ теруге де барғанбыз. Қызылшамен жұмыс жасадық. Мектеп айналасын күтіп-баптадық. Сонымен бірге спортпен шұғылданып, үйірмелерге де, би кешіне де барып үлгеретінбіз", - деді министр.

Абаев бүгінгі оқушылардың ата-аналары сол күндерді сағынышпен әрі қуанышпен еске алатын шығар деді. Сондай-ақ ол балаларды еңбекке жастайынан булу керек екенін атап өтті.

"Негізінде балаларды еңбекке баулығаннан жаман ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Әрине, маңызды нюанстар бар. Біріншіден, бұл баланың оқуына кедергі кельтірмеуі керек. Екіншіден, ұсынылып жатқандай, бұл өз еркімен болуы керек. Мектеп мұндай шешімді ата-аналармен, оқушылармен бірлесіп қабылдауы керек", - деді Абаев.

Сондай-ақ, мемлекет балалардың тарапынан ақшаны үнемдеуді немесе қандай да бір мәселелерді шешуді көздемейтінін айтты. Тазалаушыларды ешкім жұмыстан шағармайтынын да айтты.

"Егер қолына сүрткішті алу - абыройын төмендетеді, онсыз да ата-анасының салығы тазалықшының жалақысына кетеді деп есептейтін оқушыны партаның астын тазалауға мәжбүрлеуге болмайды", - деп нақтылады Абаев.

Сонымен бірге, ол оқушыларды іс-шаралардағы көпшілік көрініске таруға мәжбүрлемеу керегін де атап өтті.

"Бірақ балаларды еңбекке баула, өз жұмыс орныңды сақтау - мен бұдан жаман ештеңе көріп отырғаным жоқ", - деп түйіндеді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816328-bi-kesinde-baryp-lgerdik-duren-abaev-mektepte-okygan-kezin-eske-aldy/