Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласының әкімі жастарды масыл болмауға шақырды

Жарияланған күні:

Жастармен еркін форматта кездескен Шымкент әкімі оларды масыл болмауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Айтаханов. Фото: shymkent.gov.kz
Ерлан Айтаханов. Фото: shymkent.gov.kz: UGC

Қала басшысы Ерлан Айтаханов "Болашақ" ұйымының ұйытқы болуымен "Жастар саясатының маңызды трендтері" атты тренингте тек шымкенттік емес, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының жастармен де кездесті.

Белсенділердің көкейінде жүрген сауалдарына жауап қатқан ол өз ақыл-кеңесімен де бөлісті.

"Қай іс болмасын, бірінші инициатива болу керек. Тыныш отырсаң, ешқашан тірлік бітпейді. Міндетті түрде іздену керек. Әрине, білім бірінші кезекте. Мен айтар едім, біліммен қатар тәрбие де жүру қажет. Бәріміз қазақпыз, қазақтың салт-дәстүрін ұмытпау керек.
Кезінде әл-Фараби тәрбиесіз білім - адам баласына жат деп бекер айтпады ғой. Оның локомотивтік ядролық күші сіздер болуларыңыз шарт... Бұрынғыдай институтқа түсіреді, білім аламын, сосын бір жерге жұмысқа тұрғызып береді деген масылдық психологияны алып тастау керек. Жастардың қарым-қатынасын дамытып, әрі қарай шет мемлекеттердің тәжірибесін үйренген де жөн. Себебі қазір заман өзгерді",-деді Ерлан Айтаханов.

Бұдан өзге Шымкент әкімі кездесуге жастардан да кейбір тұстарды үйренсем деген мақсатпен келгенін айтты.

"Бір-бірімізден білгенімізді сұраудан ұялмау керек дер едім. Міне, қазір сіздермен кездесіп отырмын. Осы кездесуде сіздерден де бірнәрсе үйренсем деген мақсатым бар. Сіздер жастарсыздар, біз оқыған кезде басқаша болатын. Қазіргі заманға бейімделе білген жөн",-деді қала басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816491-symkent-kalasyny-kimi-zastardy-masyl-bolmauga-sakyrdy/