Жанар Хамитованың әкесі қызының өліміне ешкімді кінәламауға шақырды
Опубликовано:
Осыдан бірнеше күн бұрын көз жұмған әнші Жанар Хамитованың әкесі Аманжол Хамитов қызының өліміне ешкімді кінәламайтынын айтты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Жанар Хамитова. Фото: Әлеуметтік желі Жанар Хамитова. Фото: Әлеуметтік желі](https://cdn.nur.kz/images/1120/9e2b9f6a6a8cffbe.jpeg)
Қайғыдан қан жұтқан әке бұл қазаны тағдырдың ісіне балап отыр.
"Иә, өзі жап-жарық жұлдыз еді...Жұлдыз болып кетті. Біз ешкімді кінәламаймыз. Бұл - тағдыр. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ. Бұрынғы күйеуін де, табынушыларын да. Ол бәрімен жақсы қарым-қатынаста болды", - деді Аманжол Хамитов.
Айта кетейік, Жанар Хамитова өзінің туған жері Қарқаралыда көз жұмды. Полиция әншінің өліміне қатысты пікір білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817522-zanar-hamitovany-kesi-kyzyny-limine-eskimdi-kinlamauga-sakyrdy/