22 жыл бұрын ұлынан көз жазып қалған ана көріпкелден баласы туралы білді
Жарияланған күні:
КТК арнасындағы Астарлық ақиқат бағдарламасына 80 жастан асқан қарт ана көмек сұрап жүгінді. Әжейдің сөзінше, ол 22 жыл бұрын табыс табу мақсатымен Алматыға кеткен ұлымен байланысын үзіп алған. Баласын іздеген ана көріпкелге жүгініп, оның өзіне ренжігендіктен із-түзсіз жоғалғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Петропавл қаласынан шыққан қарт ана өзінің 22 жыл бұрын жоғалған 46 жастағы баласын іздеп жүр. Айтуынша, әскерден келіп жұмыссыз қалған ер адам табыс көзін іздеп Алматыға қоныс аударған. О баста анасымен хат жазысып жүрген азамат уақыт өте хабарсыз кетті.
Әжейдің сөзінше, ол өзін ұлының жоғалуына кінәлі сезінеді екен.
"Ренжіткенім сол, үйлендірмедім, жағдай жасамадым. Қыздың қолына көшіп бардым, соған ол ренжіді", - дейді қария.
Ер адамның әпкесі інісін іздеп, көріпкелге жүгінген. Ол өз кезегінде жоғалған адамның тірі екенін, бірақ қатты ренжулі екенін сөз етті.
Бағдарламаға арнайы шақыртылған көріпкел ер адамның Қазақстаннан тысқары жүргенін және көп қиындықтарды басынан өткеріп жүргенін сөз етті.
"Ұлыңыз тіпті сізге айта алмайтын қиындықтарды көрді. Ол мәлелер қаржыға байланысты. Оның өмір сүру салты дұрыс болмаған. Жақсы адамдармен араласпаған. Оның энергиясы Қазақстаннан алыс, ол мемлекетте жоқ.
Ол отбасын қалады. Үнемі бір қызды ойлайтын. Дегенмен отбасылық қарым-қатынасты көріп тұрғаным жоқ. Өмірде қиындық көрген. Ол ата-анасының алдында өзін кінәлі санап жүр. Ішімдік ішкен. Ақшамен қиындық көріп жүр",", - деді көріпкел.
Әжейге баласын қайтару үшін көріпкел бағдарлама барысында дуа жасады. Майшамды жаққан ол жалынның дұрыс жанбай жатқанын, оның азаматтың жолында көптеген қиындықтардың барын білдіретінін айтты.
Нумерологтың сөзінше, ер адам 32 жасында отбасын құрып, балалы болған.
"Ол жақсы өмір сүрген. Жақсы жетістікке де жеткен. Нумерология бойынша, оның жанында оған мұқтаж адам бар. Ауырып төсек тарып жатқан адамға қарауы мүмкін немесе ол жағдайда өзі де болуы мүмкін. 49 жасында қайтып келеді, өзін көрсетеді деп тұр", - дейді нумеролог.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817811-22-zyl-bryn-lynan-kz-zazyp-kalgan-ana-kripkelden-balasy-turaly-bildi/