Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 аймақты қамтыған жастар ұйымдарының нетворкингі өз мәресіне жетті

Опубликовано:

«Bolashaq» Қауымдастығының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет 17 аймақты қамтыған нетворкинг шарасы Павлодар қаласында қорытындыланды.

17 аймақты қамтыған жастар ұйымдарының нетворкингі өз мәресіне жетті

17-18 қыркүйек аралығында Павлодар өңірінде 200-ден астам белсенді жас өзара тәжірибе алмасу мақсатында бас қосты.

Нетворкингке Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысының белсенді жастары және елімізге танымал спикерлер жиналды.

Сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, «Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова, «United States/Kazakhstan Trade Council» директоры Дэвид М.Валера, «Global Procurement Company» директоры Олжас Сүлейменов, «Sandi Sultan TeleLab-SS Lab» лабораториясының негізін қалаушы, тележүргізуші Сәнді Сұлтан арнайы қатысып, сөз сөйледі.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан жастарға көңіл бөліп, қолдау білдіріп отырады. Қазіргі таңда ел жастары үшін әлеуметтік лифттер, түрлі арнайы жобалар мен бағдарламалар жүзеге асып келеді. Сондай жобаның бірі – бүгінгі «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы. Бұл – жастарға беріліп отырған мүмкіндіктер алаңы. Осындай тиімді, тың жобалардан өзімізге қажетті дүниелер аламыз деген ойдамын. Жастар – еліміздің болашағы. Ал, Ертіс өңірінің жастары еліміздің өркендеп-дамуына өз үлесін қосуға әрқашан дайын», - дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

Бір айға жуық уақыт аралығында «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы еліміздің бес өңірінде ұйымдастырылды. Іс-шараға 1000-нан астам белсенді жас қатысты.

17 аймақты қамтыған жастар ұйымдарының нетворкингі өз мәресіне жетті

«Нетворкинг бүгінге дейін еліміздің төрт аймағында ұйымдастырылды. Мәселен, Орталық Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан бойынша Орал қаласында, ал Шығыс Қазақстан өңірінің жастары Алматы қаласында, Оңтүстік Қазақстан өңірінің жастары Шымкент қаласында бас қосты. 800-ден астам жас көшбасшы өзара тәжірибе алмасып, жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыру жолында кеңес құрды. Павлодар қаласы – біздің іс-шарамыз өтіп жатқан бесінші аймақ. Сондықтан бүгінгі шараға арнайы келген қатысушылар мен қонақтарға ерекше алғыс айтқым келеді», - дейді «Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818768-17-ajmakty-kamtygan-zastar-jymdaryny-netvorkingi-z-mresine-zetti/