jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Қымбатшылық қинағаны аздай": Жас ғалым ақылы көлік тұрағына қарсы шықты (видео)

: Instagram

Жас ғалым әрі журналист Мейрамбек Таубалдиев Алматы көшелеріндегі көліктерге арналған ақылы тұрақ қызметіне шүйлікті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Жас ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

Оның сөзінше, Ғылым ордасының ғимаратында білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарасты оннан астам ғылыми зеттеу институты орналасқан.

"Онсыз да айлығы шайлығына жетпей жүрген ғылыми қызметкерлер айдың-күннің аманында тағы бір "проблемаға" тап болды. Құрманғазы,Пушкин, Шевченко көшелеріндегі паркиңгке (парковка) ақша төлейміз енді.
1 сағаты - 100 теңге. Жұмыс тоғызда басталады. Бір сағат ерте келеміз, сосын кешкі 19.00-де қайтамыз, шамамен, 10 сағат - 1000 теңге. 20 күнге - 20 000 теңге", - деп ашынды Таубалдиев.

Ол институттың кіші ғылыми қызметкерлері мен лаборанттары айына 52 000 теңге айлық алатынын жеткізді.

Жазуынша, олардың көбісі пәтер жалдап тұрады екен.

"Көліксіз қалада жұмыс бітпейді. Тамақ, киім, көлік шығындарына паркиңг қосылды. Қымбатшылық қинағаны аздай", - деді наразылығын білдірді Мейрамбек.

Жас ғалым ғылым ордасы кешені маңындағы ақылы паркиңге қарсы екендігін ашық білдірді.

"Бұл - менің талабым. Өтініш, жас ғалымдар, жас отбасылардың несібесіне ортақтаспаңызшы! Олардың айлығы ( ішінде өзім де бармын) онсызда аз. Алаңсыз жұмыс істеп, 1000 теңгеге әбед ішсінші одан да. Ал менің бөпем күтіп отыр үйде. "Агуша" алуым керек", - деп сөзін қорытындылады Мейрамбек Таубалдиев.

"Қымбатшылық қинағаны аздай": Жас ғалым ақылы көлік тұрағына қарсы шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.