jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Допинг сияқты": Күнде жүгіріп, шынықпаса есінен танып қалатын атай көпті тамсандарды

: Facebook

Елімізде тәні қартайса да, жаны қартаймайтын қазыналы қарттар аз емес. Солардың бірі 64 жастағы Тілеужан Қанапиянов. Тұрғын марафондарға қатысып, 42 шақырымға жүгіреді деп жазады КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған

KAZ.NUR.KZ.

Тілеужан Қанапиянов. Видеодан кадр
Тілеужан Қанапиянов. Видеодан кадр: Facebook

Тілеужан Қанапиянов қарттар күніне орай шығарылған танымал бағдарламаның қонағы болды.

Ер адам жүгіруді 1964 жылдары, сегіз жасында бастаған. Ол кезде 5 шақырым қашықтықты бағындырып жүріпті. Кейіннен ірі қашықтықтағы марафондарға қатыса бастаған. Дегенмен, ол қанша жарысқа қатысса да, алғашқы жүгірген сәті есінен кетпейді екен.

"Марафон дегенді түсінбейтінмін, не ол деп. Бірінші рет марафонға қатыстым. 42 шақырымға жүгіру - 10 шақырым сияқты оңай болатын шығар деп ойлағанмын. 28-30 шақырымға келгенде шаршап қалдым. Есім танып, құлап қалдым. Марафон деген ойыншық емес екен", - деп еске алды қария.

Алайда алғашқы жарыста есін жоғалтса, қарт кісі еңсесін түсірмепті. Тіпті, арнайы жаттыға бастаған. Қария осыған дейін 41 шақырымдық марафонға 71 рет қатысқан.

Осылайша елдегі жарыстардан қалмай қатысатын Тілеужан атаның қоржынына 200-ден аса медальдары мен марапаттары жиналған.

Тілеужан Қанапияновтың айтуынша, ол күнде жүгіріп жаттығып тұрмаса, басы айналып, есінен танып қалады екен.

"Мен Водник жақта тұрамын. Сол жерден Алғабастағы Ақын Сара көшесіне дейін 10 шақырым. Соған жаңбыр болсын, қар болсын, күнде жүгіремін. Қалай деп айтсам екен, Құдай кешірсін енді айтқаныма, бұл бір допинг сияқты. Егер үш күн жүгірмесем басым айналып, есім танады", - дейді желаяқ қария.

"Допинг сияқты": Күнде жүгіріп, шынықпаса есінен танып қалатын атай көпті тамсандарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.