jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Танымал айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков өмірден озды

Жарқынбек Наушабеков
Фото: kelesakimat.gov.kz: Instagram

Қазан айының 2 жұлдызында белгілі ақын, оңтүстік өңіріндегі айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі - Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды Аitysker.org.

Басылымның мәліметінше, ақын ауыр дерттен көз жұмған.

Жарқынбек Наушабеков 1976 жылы 12 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген.

Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі 1992 жылы өткен Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесі болды. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы.

2008 жылдың қорытындысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны" номинациясын иеленген.

"ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен наградталған. 

Өмірінің соңғы жылдарында Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

Танымал айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков өмірден озды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.