Қазақстан ғалымдары мен бизнесмендері ең қуатты автотрансформатормен таныстырды
Жарияланған күні:
2019 жылдың 4 қазанында Шымкент қаласында Орталық Азия мен Қазақстандағы қуаттылығы 63 МВА класты, 220 кВ кернеулі автотрансформатордың салтанатты тұсау кесуі өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ғылым мен бизнесті біріктірудің арқасында трансфоматорларды жасау саласындағы инновациялық ілгерілеуге қол жетіп отыр. «Alageum Electric» компаниясы, «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ және «Электродеталь» ЖШС кәсіпорындарыныңқұрамына кіретін Кентау трансформатор зауытының ғалымдары мен инженерлері қуаттылыға жоғары автотрансформерді жасап шығарды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк «Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты жобасын бірлесіп жүзеге асырды. Сол жоба аясында автотрансформатор 2017 жылы «Өнімді инновациялар консорциумының» бағдарламасы шеңберіне қолдау тапқан болатын.
Қазақстандағы қуаттылығы өте жоғары алғашқы автотрансформатордың жобалаушысы – техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Сергей Соколов.
Ол өз саласында үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін айта кету керек. Сонымен қатар, оныңғылыми еңбектері елімізде және шетелдерде жарияланған.
«Қуаттылығы 63 МВА автотрансформатор» Қазақстанға өте қажет, мұндай трансформаторларға деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Ал шетелдерде бұл трансформатор өзінің ерекшеліктеріне орай басқа да осындай трансформаторлармен бәсекеге түсе алады» - деп атап кетті Сергей Соколов.
Кентау трансформатор зауытының автотрансформаторы пайдалануға әзір тұр. Осы жақын күндері ол Түркістан облысымен іргелес үш ауданда – Келес, Сарыағаш және Мақтааралда электрэнергиясын бөле бастайды. Сарыағаш ауданының ТКШ-мен шарт жасалып та қойылды.
Қуаттылығы жоғары трансформаторларға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, Қазақстанның іс жүзінде барлыққосалқы станциялары ХХ ғасырдың 80-жылдары салынғаны белгілі. Демек, таяудағы мерзімде оларды жаңғыртуға мүмкін болады.
Сондықтан да, бөтенді өзіміздікіне алмастыру Қазақстандағы импорт алмастыру бағдарламасының негізгі философиялық тұжырымы. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда. Кергеуі 220 кВ класты қуаттылығы 63 МВА автотрансформаторы – Қазақстандағы импорталмастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жарқын мысалы болып табылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820449-kazakstan-galymdary-men-biznesmenderi-e-kuatty-avtotransformatordy-tanystyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.