Атыраудағы перзентхана тоңазытқышында көз жұмған сәбидің әкесі жанайқайын жеткізді
Опубликовано:
Атыраудағы перзентхана тоңазытқышында көз жұмған нәрестенің әкесі тергеудің әділетті жүргізілуін талап етуде деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ол отбасының қайғы жұтып отырғанын жеткізіп, дәрігерлердің тиісті жаза алуын сұрады.
"Сот кінәлілерді жазаға тартсын. Барлығымыз сотқа қатысамыз", – деді марқұм болған сәбидің әкесі.
Еске сала кетейік, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы периниталдық орталықта қайтыс болған сәбидің отбасынан кешірім сұрады.
10 қазанда перинаталдық орталықтың 23 қызметкері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821668-atyraudagy-perzenthana-toazytkysynda-kz-zmgan-sbidi-kesi-zanajkajyn-zetkizdi/