jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жолаушы әйел "Air Astana" қызметкерін ұрып жіберді (видео)

: Facebook

Шымкентте туу туралы куәлігінсіз баланың ұшуына рұқсат бермегені үшін әйел адам әуежайда жанжал шығарып, "Air Astana" қызметкеріне шабуыл жасады. Әуе компаниясы жағдайға қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Компания ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау кезінде - ҚР азаматтары ересек жолаушылармен бірге, баланың туу туралы куәлігін, сондай-ақ туыстық және (немесе) кәмелетке толмаған жолаушыны тасымалдауға заңды құқығын растайтын құжаттарды ұсынуын әуе компаниясы талап ететінін алға тартты.

Сонымен қатар, балалары бар жолаушыны тіркеу кезінде авиакомпания баланың жасын растайтын құжаттарды (туу туралы куәлік немесе төлқұжат) тексеруге міндетті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жолаушы 8 қазан күні Шымкент әуежайына 4 кәмелетке толмаған баласы және күтушісімен келген.

Нұр-Сұлтанға баратын рейсті тіркеу кезінде ол өзінің кәмелетке толмаған балаларының біреуінің туу туралы куәлігі болмағанын айтып, соған қарамастан барлық жолаушыларды тіркеуді талап еткенін хабарлады.

Жолаушыларды тіркеу агенті жолаушыға ұшу үшін тиісті құжат қажет екенін айтқан.

Әйел адам болса тіркеу бөлімінен кетпей, дөрекі түрде, қорлаумен бірге қызметкерден баланың құжаттары болмаса да отыруға рұқсат қағазын талап ете бастапты.

Ол әуе компаниясы қызметкерінің заң талаптарын түсіндіру бойынша кез-келген әрекеттеріне агрессивті жауап беріп, басқа жолаушылардың тіркелуіне кедергі келтіріп, балаларды жүк белбеуіне қойып, өзін өртейтінін және аштық жариялайтынын айтқан. Ақыр соңында жолаушы әйел әуе компаниясының қызметкеріне екі рет соққы жасаған.

Әуе акомпаниясының қызметкері жолаушы тарапынан келтірілген физикалық залал туралы арызбен құқық қорғау органдарына жүгінді

"Әуе компаниясы өз қызметкерінің әрекетін қолдайды, өйткені компания қызметкерлері физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырауым мүмкін деп қорықпастан қызметтік міндеттерін орындауға құқылы. Бұл әуе кемесінде тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Әуе акомпаниясының зардап шеккен қызметкері де көпбалалы ана, төрт кәмелетке толмаған баланы өз бетінше тәрбиелеп отырғанын атап кету керек", - деп түсіндірді компания.

Шымкентте жолаушы әйел "Air Astana" қызметкерін ұрып жіберді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.