Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Небәрі 20 жаста: СІМ Кореяда бала қаққан қазақстандық жігіт туралы айтты

Опубликовано:

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 12-ші "Орталық Азия - Корея Республикасы" форумы отырысында бала қаққан қазақстандықтың Оңтүстік Кореяға оралу әрекетіне сыртқы істер министрлері деңгейінде түсінік берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Yna.co.kr
Фото: Yna.co.kr: UGC
"Ол онда бір жылдан астам уақыт бойы, былтырдан бастап заңсыз болған, әрине, қылмыс болған кезде оның салдарынан қорыққан. Ол небәрі 20 жаста, сондықтан ол қашып кетті, бірақ жағдайдың ауырлығын түсініп, оқиға орнына оралды...
Біздің азамат, өздеріңіз білетіндей, Сеул қаласына өз еркімен келді. Бұл біздің корей және қазақстандық тараптармен келіссөздеріміздің нәтижесінде жүзеге асырылды. Оның әпкесі де Кореяда заңсыз болған, бірақ ол Қазақстанға оралды", - деді Айбек Смадияров.

СІМ өкілі жас жігіттің Қазақстан есебінен заңгерлік көмек ала алатынын айтты.

"Қазіргі таңда қазақстандық Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Тергеу шаралары басталды. Бір күн ішінде қазақстандық консул онымен кездеседі.

Біз оның барлық құқықтарының қорғалуын және сақталуын бақылаймыз. Корей тарапы мемлекет есебінен қорғаушымен қамтамасыз етеді немесе қаласа біз оған өз есебімізден жақсы қорғаушы табамыз", - деді Смадияров.

Оның сөзінше, тергеуші бәрін анықтайды, корей соты қазақстандыққа қарсы қозғалған қылмыстық істі мұқият қарап шешім шығарады. Қазақстандыққа қандай жаза кесілуі мүмкін екені тергеушімен байланысқа шыққан соң белгілі болады.

Сонымен қатар, СІМ өкілінің айтуынша, жол апатынан зардап шеккен корей баласының жағдайы жақсарып келеді және ол өздігінен жүріп жүр.

"Оның жағдайы жақсы, жазылып кетеді деп ойлаймын", - деп түйіндеді Смадияров.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген 20 жастағы қазақстандық 20 қыркүйекте 7 жасар оқушыны жалға алған көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Кейінірек ол кінәсін мойындап, Оңтүстік Кореяға оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822412-nebri-20-zasta-sim-koreada-bala-kakkan-kazakstandyk-zigit-turaly-ajtty/

pixel