Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан азаматының Оңтүстік Кореяда баланы қаққан видеосы пайда болды

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяның Әділет министрі Чо Кук Чангвон қаласында бастауыш сынып оқушысын қағып, елден кетіп қалған 20 жастағы Қазақстан азаматын жылдам экстрадациялауға бұйрық берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан азаматының Оңтүстік Кореяда баланы қаққан видеосы пайда болды
Видеодан алынған кадр: Facebook

Оңтүстік Кореялық БАҚ баланы қағу сәтінен видео жариялады.

Олардың хабарлауынша, іс материалдармен танысқан министр Чо қазақстандық азаматты Оңтүстік Кореяға экстрадациялау үшін қажетті дипломатиялық шараларды қабылдап, процедураны жеделдетуді тапсырды.

Қазақстан азаматы жалға алынған көлігімен 7 жасар мектеп оқушысын қағып, қашып кеткен деп айыпталуда.

Оқиға 18 қыркүйекте Кенсан провинциясында болған.

Полицияның мәліметінше, қазақстандық құқық қорғау органдары баланы қаққан көлікті жалға алған адамның кім екенін анықтамай тұрып, елден шығып кеткен.

Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі иммиграциялық қызмет, сыртқы саяси штаб және сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан билігі тарапынан белсенді жәрдем етулерін сұрап, өтініш жібергені хабарлануда.

Қағылған баланың әкесі министрге кінәліні тауып, ұстау туралы өтінішпен жүгінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық азматтың Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып кеткені хабарланған еді.

Кейінірек, еліміздің сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының қатысуымен болған Оңтүстік Кореядағы жол апатына қатысты ақпарат берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818298-kazakstan-azamatyny-otstik-koreada-balany-kakkan-videosy-pajda-boldy/

pixel