"Кеткім келеді": Маскүнем қайын атасынан мезі болған жас келін елден көмек сұрады
Жарияланған күні:
Енесінің мінезі мен қайын атасының ішкілікке салынуынан мезі болған жас келін көптен кеңес сұрады. Айтуынша, ол бүгінде күйеуін де, оның ата-анасын да көргісі келмейді екен. Өкініштісі, келіншектің ата-анасы көрші елде тұратындықтан, ол дәл қазір өз үйіне кете алмайды. Бұған қоса елден баланы әкетуге оның күйеуі де рұқсат бермей жүр екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Келіншек жан сырын Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде мәлім еткен.
"Сәлеметсіздер ме, басымдағы жағдаймен бөліскім келіп отыр. Тұрмыс құрғаныма 2 жыл болды, жақында ғана ұлды болдым. Сәбиім бар-жоғы екі айлық. Күйеуімнің ата-анасымен бірге тұрамыз.
Енеме келер болсам, ол өте қиын адам. Қайын атам болса ішкенді ұнатады. Солар үшін бүкіл жүктілік кезеңінде жүйкем тозып шықты. Күйеуіме олардан бөлек шығайық дедім. Бірақ оның ешқайда кеткісі келмейді", - деп қынжылды әйел.
Оның сөзінше, ата-енесінен бөлек шығу үшін көлікті сатып, ипотекаға баспана алмақшы екен.
"Осындай күнделікті теке-тірес үшін, ара-қатынасымыз өзгеріп кетті, меніңше ол отбасылық өмірге әлі дайын емес. Әрине анасы да өмірімізді ойран ету үшін барын салып отыр.
Қазір тіпті онымен тұрғым да, оның отбасын көргім де келмейді.
Қиыны, жақындарым алыста, нақтырақ айтсам Ресейде болып тұр. Қазір-ақ кеткім келеді, бірақ баламның өскенін күтіп отырмын.
- Енді тағы бір мәселе туындап тұр. Күйеуім елден кетуге рұқсат бермей отыр немесе баланы тастап, өзің кетесің дейді.
Мен баламнан айырылғым келмейді, аналар мені түсінеді деп ойлаймын. Кеңес бермесеңіздер, салым суға кетті", - деп жан сырын ақтардыкеліншек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822902-ketkim-keledi-masknem-kajyn-atasynan-mezi-bolgan-zas-kelin-elden-kmek-srady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.