Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тегін қонақүй": Қызылордалық келін күйеуінің туыстары мезі еткенін айтып, шағымданды

Опубликовано:

Қызылордалық Айгүл есімді келіншек бірнеше ай бұрын отбасымен бірге облыс орталығына көкшкенін айтады. Тойдан кейін ауылда тұрған жанұя әрең дегенде қаладан пәтер сатып алып, қоныс тойын тойлаған. Алайда, отбасының берекесін күйеуінің ауылдағы туысқандары қашырып отырған көрінеді. Жиі қонаққа келе беретін келіншектің қайын-жұрты үйлерінде апталап, айлап жатып алады екен. Бұл жағдайға көңілі толмайтын Айгүл күйеуіне ренішін де жеткізген. Бірақ отағасы әйелінің сөзіне құлақ асар емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Instagram

Айгүл осыдан екі жыл бұрын тұұрмысқа шыққан.

Тойдан кейін сүйіктісінің ауылындағы үйінде тұруға мәжбүр болған. Жас келін ата-енесіне қызмет жасап, өз міндетін жақсы атқаруға тырысқанын айтады.

Алайда, қалада туып, қалада өскен бойжеткен үшін ауылдың тыныс-тіршілігіне үйрену оңай бола қоймаған.

Сол себепті, Айгүл ертерек бөлек шығып, қалаға көшу туралы ойын күйеуіне айтқан екен.

"Менің күйеуім отбасының үлкені. Өзінен кейін бір қарындасы мен інісі бар. Ерте ме, кеш пе біз бәрібір бөлек шығатын адамдармыз. Сол себептен мен өз айлығымды жұмсамай, банктен есеп-шот ашып қаражатымды жинай бастадым. Күйеуімнің тапқан табысын азық-түлік пен киім-кешекке, күнделікті шығындарға жараттық. Бір жылдан астам уақыттың ішінде пәтер алу үшін қажетті алғашқы жарнаны жинап алдық. Көптен күткен мақсатымыз орындалып, үйіміздің кілті қолымызға тиді", - деді Айгүл.

Жас отбасы өз күштерімен жаңа пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шамалары жеткенше жиһаздармен толықтырған.

Қазір жанұяның бір жастағы қызы бар.

Айгүл бос уақытының мүлдем жоқ екенін айтады. Үйдің тіршілігін жасап, баласына қараудан қолы босай бермейді. Ал соңғы кездері ауылдан келе беретін күйеуінің туысқандары тіпті мазасын қашырып жүрген көрінеді.

"Күйеуімнің ауылда туысқандары көп. Аптасына бірнеше рет үйімізге қонып кетеді. Тіпті апталап қонып алатын қайын ағам бар. Үйде бөтен кісі болғандықтан емін-еркін жүре де алмайсың. Сол кісілердің жағдайын жасап, бабын табуың керек. Шынымды айтсам, қатты шаршаймын. Қай тіршілігімді бірінші жасайтынымды білмей қаламын. Кейбір кезде қайын апаларым мен абысындарымен балаларымен келіп, түнеп кетеді. Мұндай кездері төсек-орын табудың өзі оңай емес", - деді жас келіншек.

Жас келіншек әсіресе, әйелінен ажырасқан қайын ағасынан әбден мезі болғанын айтады.

Үйде кішкентай бала болғанына қарамастан, ішімдік ішіп келіп, жанұяның мазасын алатын көрінеді. Тіпті жақында көршімен төбелес шығарып, нәтижесінде араққа сылқия тойған азаматты полиция қызметкерлері бөлімшеге алып кеткен екен. Мұнан бөлек Айгүлдің ата-енесі келіп, келінін сынап отырады екен.

"Ата-енемнің маған ренжитінін білемін. Жаңа келін түскенін күтпей, кетіп қалғанымызға көне алмай жүр. Оның үстіне ол кісілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған да біз едік. Қазір қонақ күту оңай емес екені белгілі. Үйге кісілер келсе, дүкенге жүгіреміз. Ол несие төлеп отырған біздің отбасымыз үшін қосымша шығын. Пәтеріміз жатақхана секілді. Өзіміз бен өзіміз қалған күндер өте сирек", - деді қызылордалық келіншек.

Айгүл өз ренішін бірнеше рет күйеуіне жеткізгенімен, ештеңе өзгермегенін айтады. Керісінше сүйікті азаматы әйелінің сөзіне ашуланып, жанжал шығарады екен. Соңғы уақытта осы мәселенің кесірінен, ерлі-зайыптылардың аралары да суып бара жатқан көрінеді.

"Менің ренжитінім, осы үйді алар кезде, бізге ешкім көмектескен жоқ. Күйеуімнің бір де бір туысқаны қол ұшын бермеді. Тіпті жөндеу жұмыстарын жүргізгенімізде төбе көрсеткен туыс оолмады. Ал қазір еңбектері сіңген адамдар құсап, үйімізден шықпайды. Тегін қонақ үйді тауып алды. Мен тыныштықты қалаймын. Өз отбасыммен өмір сүргім келеді. Қайта-қайта келіп, қадірін жоғалтқан жандардың маған керегі жоқ", - деді кейіпкеріміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823467-tegin-konakj-kyzylordalyk-kelin-kjeuini-tuystary-mezi-etkenin-ajtyp-sagymdandy/

pixel