jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Асығыстық болмау керек": Абаев латын қарпіне көшу туралы айтты

: Original

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәрен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында латын қарпіне көшу процесі туралы айтты. Оның ойынша, жаңа алфавитті енгізуге асықпау керек деп жазады

KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ
Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ: Original
"Алфавит - бұл жай ғана қаріп емес, бұл - біздің ұлтымыздың болашағы, мәдени кодтың бөлшегі, коммуникация құралы. Сондықтан бұл мәселеде ешқандай асығыстық болмау керек", - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, латын қарпіне көшудің оң мысалдарының бірі - Түркия. Алайда, Абаевтың айтуынша, бұл процесс ұзақ 30 жылға созылған.

Ведомство басшысы Ататүрікке үлкен қарсылықты жеңу керек болғанын айтты. Абаевтың айтуынша, халықтың қолдауына жету үшін Түрік Республикасының басшысының халықпен жеке кездесіп, бұл шешімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндіруіне тура келген.

Министр Қазақстандағы жағдай мүлдем басқа екенін атап өтті. Халық жаңашылдыққа қарсы емес, керісінше қолдайды.

"Бұл бізге керек емес. Себебі бізде қазақ тілділердің басым көпшілігі өтуді қолдайды. Даулар бар, пікірталастар бар, бірақ олар техникалық мәселелерге қатысты. Бұл да жақсы. Бұл тіл тағдырына немқұрайлы қарамайтындықтары туралы айтады", - деді министр.

Абаев қазақ алфавитінің жаңа нұсқасымен жұмыс жасайтын мамандардың ішінде тіл мамандары, лингвистер, сонымен қатар IT-мамандар бар екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, жақында ғана латын графикасына көшу туралы Қазақстан президенті өз ойын айтқан болатын. Тоқаев латын қарпінде олқылықтардың әлі де бар екенін айтып, Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловаға тапсырма берген еді.

"Асығыстық болмау керек": Абаев латын қарпіне көшу туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.