Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балшыққа батып жатырмыз": Ақтөбе тұрғыны әкімге жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

Бүгін Ақтөбе қаласы әкімдігінде қоғам белсенділерімен кездесу өтті. Жергілікті әкімдік қала көшелеріне асфальт төсеу жобасын талқылап, көпшіліктің пікірін тыңдауға тырысты. Себебі Ақтөбедегі жолдың жағдайы әлеуметтік желіде аз көтеріліп жүрген жоқ. Қалада мүлдем асфальт төселіп көрмеген жолдар бар деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ааааа
Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Қала аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 651 шықырым болса, оның 300 шақырымында ғана асфальт жабындысы бар.

Қаланың ескі аумағындағы көше тұрғындарына әзірге балшық кешіп жүруге тура келеді. Әкімдік қызметкерлері барлық көшеге жол салудың мүмкін еместігін кесіп айтты.

Кездесуде тұрғындардың бірі қала іргесіндегі ауылына жергілікті шенділерді шақырып, жағдайды көзімен көруді сұрады.

"Кеңес Нокин ауылында проблема жетеді. Мәселемізді әкімдікке, әлеуметтік желіге талай жазып жүрміз. Өткен жылы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Руслан Төтеғалидың бастамасымен екі көшеге қиыршық тас төселді. Ол үшін ауданымыздың тұрғындары атынан алғыс айтамын.

Бірақ қалған көшелеріміздің барлығы әлі езілген балшық күйінде жатыр. Ауыл ортасында №65 орта мектеп бар. Балалардың мектепке барып-келуі үлкен проблема. Қала әкімі, депутаттар сол жерді барып көрулеріңізді сұраймын. Біз балшыққа батып жатырмыз.

Сол жердегі тұрғындардың жанайқайын айтуға келіп тұрмын. Нокин ауылының адамдары ешкімге керек емес пе? Жалпы Кеңес Нокин ауылына қатысты қандай жоспар бар? Сол туралы айтып өтсеңіздер»,- деді қала тұрғыны Ерболсын Көбенов.
"Балшыққа батып жатырмыз": Ақтөбе тұрғыны әкімге жанайқайын жеткізді (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Әкімдік жанайқайын айтқан тұрғынның ауылындағы тағы екі көшеге қиыршық тас төсемек.

«Кеңес Никин ауылына келесі жылға қиыршық тас төсеуге екі көшені енгізе аламыз. Ол жақта өткен жылы екі көшеге қиыршық тас төселген болатын»,-деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Руслан Төтеғали.

Қала әкімі көшелерге жауапты мамандарға шұғыл тексеру жасауды тапсырды.

Қалада 2019 жылы 18 жобаға 4,2 млрд теңге бөлініп, жылдың аяғына дейін 33 шақырым жол жөнделеді деп күтілуде. Қазіргі таңда жалпы соммасы 11,8 млрд теңге болатын автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 40 жобалық-сметалық құжаттама дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825284-balsykka-batyp-zatyrmyz-aktbe-trgyny-kimge-zanajkajyn-zetkizdi-foto/

pixel