Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі бес жасар қыз өлімін министрлік пен облыс әкімі бақылауға алды

Опубликовано:

Ақтөбедегі денсаулық сақтау басқармасы 5 жастағы бүлдіршіннің кенеттен қайтыс болуына байланысты алдын ала болжамдарын айтты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі бес жасар қыз өлімін министрлік пен облыс әкімі бақылауға алды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова. Фото: NUR.KZ: Original

Жедел жәрдем көлігіне мініп, қаладағы барлық ауруханаларды кезіп жүріп көз жұмған бүлдіршін өлімі туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Өңірдегі үш бірдей ауруханаға қатысты тәуелсіз бақылау жұмыстары жүріп жатыр.

"Қазіргі уақытта тәуелсіз комиссия жұмысы жалғасуда. Дүйсенбі күні қорытындысы жарияланады. Денсаулық сақтау министрлігі, облыс әкімі жағдайды бақылауға алды. 

Бала өлімі вирустық инфекциямен байланысты. Инфекция баланың миына және тыныс алу жолдарына зақым берген. Бүгінгі күні ұйымдастыру жұмыстарында олқылық жұмыстары болғаны белгілі болды.

Бала бірнеше қабылдау бөліміне барған. Комиссия қорытындысы жарияланғаннан кейін шара қолданылатын болады", - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Дәрігерлердің айтуынша, 5 жастағы бала алты күн ауырған, жетінші күні ғана дәрігерге қаралған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қызуы көтеріліп, әлсіреп қалған баланы ауруханаға жатқыза алмай сенделген, ақыры соңында бүлдіршіннен айырылып қалған ақтөбелік жанұяның қайғылы оқиғасы туралы баяндаған едік. Марқұм қыздың жақындары мезгілсіз қазаны дәрігерлердің салғырттығынан көреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827289-aktbedegi-bes-zasar-kyz-limin-ministrlik-pen-oblys-kimi-bakylauga-aldy/

pixel