Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жастар жылы аясында қандай жұмыстар атқарылды

Опубликовано:

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2019 жылдың басынан атқарған жұмыстары туралы ақпарат жарияланды. Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облысымызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 408 218 адамды құрайды, оның ішінде – 88 950-і қалалық жерлерде, 319 268-і ауылда тұрады.

Алматы облысында жастар жылы аясында қандай жұмыстар атқарылды
Фото: Акимат Алматинской области: Facebook

Облыста 21 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1 - облыстық және аудан, қала деңгейінде 20 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 жұмыстарын атқаруда.

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік «Жастар жолы» іс-шаралар жоспарына бүгінгі күні 10 аудан мен қала бойынша 56,7 млн теңгеге 11 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 18 бос уақытты тиімді өткізу орталықтары мен спортпен шұғылдану залдары ашылды.

2019 жылы облыста «Жетісу жастарының жарқын істері» атты жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары - жол картасы бекітілді.

Жол картасын орындау мақсатында 2019 жылғы 11 қаңтарда Алматы облысы әкімінің облыс жастарымен бейресми кездесуі өткізілді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту және ауылдық елді мекендерге жастарды тарту мақсатында аудан және қалалық жастар ресурстық орталықтарына 10 гектарға дейінгі жер телімін бөлу бойынша бүгінгі күні 19 аудан мен қалаларда тиісті жұмыстар атқарылып, 100 га жер игерілді (қант қызылшасы, соя, картоп, алма ағашы және т.б.).

Сондай-ақ, «Бақыт» жас отбасыларды қолдау клубы аясында жастар ресурстық орталықтарына 20 психолог штаттық бірлігі бөлініп, психологтар жұмыс жасауда.

Аталған психолог мамандар бүгінгі күні 179 адамға, оның ішінде 140 жас отбасына кеңес берді. Нәтижесінде 56 отбасы ажырасудан бас тартты. Жалпы психолог мамандарымен суицидтің алдын алу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша 230 семинар-тренинг, кездесу, дөңгелек үстел және шеберлік сағаттар ұйымдастырылып, өткізілді.

Өңірде елді мекендер бойынша іс жүзінде жұмыссыз жастардың тізімін жинақтау тәжірибесі қолға алынып, олардың санын азайту және әлеуметтендіру бойынша бағдарлама жобасы әзірленді. Іс жүзінде маргинал жастардың саны – 1896-ды құрап отыр.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, мемлекеттік жастар саясатын үйлестіруде жастардың жұмыссыздық мәселесін шешуге, еріктілер қозғалысын дамыту, дебаттық қозғалысын, полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру, облыс жастары арасында суицидтің, девиантты мінез-құлықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шамамен 600 мың жастың қамтылуымен 1585 шара өтті.

Ағымдағы жылы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында "Өмірдің толқынында бол!" атты форумы, «Менің Қазақстаным: студенттік көктем – 2019» атты облыстық студент жастар фестивалі, «Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» жас мемлекеттік қызметшілер форумы, «Ауылым алтын бесігім» атты ауыл, жұмысшы жастар форумы, жас отбасылар арасында «Жас отау» байқауы, жастар арасында би өнерінің заманауи жанрларына қызығушылығын арттыру мақсатында «JETІSU INTERNATIONAL BATTLE» би фестивалі өткізілді. Фестивальға әлемнің 10 мемлекетінен 50 команда, 300-ден астам бишілер қатысатын ауқымды жобаға танымал, әлемдік деңгейдегі мамандар төрелік етті.

Сондай-ақ, жастар арасында мәдени-шығармашылықты дамыту мақсатында Талдықорған қаласында «JETISÝ ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі өтті. Фестиваль 30 ойын, байқау алаңдарынан тұрды.

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп жастарға қызмет көрсету орталығында «ZHAS TALKS» жобасы аясында ағымдағы жылы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З.Балиевамен, Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департамент басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлымен, Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы, ақын Мақпал Мысамен, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Идигов Атсалим Саламовичпен, «Асыл Арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабекпен рухани тәрбиеге арналған әр түрлі тақырыпта жастармен кездесулер өткізілуде.

Аталған жоба аясында 5 қараша күні Жастарға қызмет көрсету орталығында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында Алматы облыстық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Жетісу» футбол клубының директоры Мұқанов Серік Мейірханұлы Жас Отан» ЖҚ мүшелерімен, облысымыздың белсенді жастарымен кездесу өткізді.

Облыс жастары арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпал етуіне жол бермеу мақсатында да бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Мысалы, «Кеше және бүгін» тақырыбында семинар-тренинг, «Иман айнасы», «Жастар және болашақ», «Рухани жаңғыру-жастар болашағының кепілі», «Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы» атты тақырыптарда облыстық, аудан және қалалық жастар ресурстық орталықтарымен кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Қазақстан Республика ақпарат және қоғамдық даму министірлігі облыстық «Жасыл ел» штабының Республика деңгейінде үздіктердің қатарында болғанын ескере отырып, Алматы облысына 2019 жылы 1875 жасты қамтуға қаражат бөлген болатын. Осы көрсеткішті облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы асыра орындап, 1904 жасты жұмыспен қамтып, маусымдық жұмыстарды толығымен аяқтады.

Нәтижесінде жұмысқа орналасқан 1904 жастың 315 жоғарғы оқу орындарының, ал 683 колледж студенттері, 489 мектеп оқушылары болса, 417 жалпы жұмыссыз, маргинал жастардың қатарынан тұрады.

Сондай-ақ, «Жасыл ел» жасақшыларының ішінде көп балалы отбасылардан шыққан жасақшылар саны 384 адам, жағдайы төмен отбасыларынан 216, зерде жандардан 49 жасақшы, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 12 жас азамат маусымдық жұмыспен қамтылды.

Жастарды кәсіпкерлік қызметке қолдау және тарту және Алматы облысында "Жас кәсіпкер" бағдарламасын іске асыру және жастарға гранттық қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Алматы облысының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен Меморандумға қол қойды.

«Жастар – ел тірегі» жобасы аясында «Жас кәсіпкер» бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасы бойынша жастар стартаптарын қолдау мақсатында облыста «Бизнес және жастар «4 К» фестивалі өтті.

Жыл басынан Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп жас кәсіпкерлердің деректер базасы жасақталды. Қазіргі таңда облыстың аудан, қалалары бойынша 13107 жас кәсіпкер тіркелген.

2019 жылдың 10 айында Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында, жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың қамтылуымен облыстың аудан, қала деңгейінде барлығы 41 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті.

Ұсынылған бос жұмыс орындар саны - 4388. Жәрмеңке нәтижесінде 1030 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 399 азамат жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында түрлі санаттағы жастардан құралған ақпараттық-насихат тобы Алматы облысының әр ауданы мен қаласының шалғай 2 елді мекенінде (селолық округтерде) жастар арасында суицидтің, сыбайлас жемқорлықтың, NEET санатындағы жастарға және жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алуға, жас еріктілер қозғалысын дамыту, этносаралық келісімді насихаттау және жалпы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру мақсатында 6 жоба бойынша барлығы 9812 жасты қамтыған 140 кездесу өткізді.

Топ құрамында лектор ретінде ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, интеллигенция, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары енгізілді.

Жәрмеңке барысында жастар саясатының негізгі міндеттері түсіндіріліп, «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Техникалық және кәсіптік білу беру» мемлекеттік бағдарламалары туралы толық ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, жыл басынан жұмыссыз жастарды тіркейтін бірыңғай базаға 253 жас тіркеліп, 112 жас жұмысқа орналасты, оның ішінде 52 жас жастар тәжірибесі арқылы орналасты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша білікті мамандардан жиналған мобильді топ құрылып, облыстың аудандары мен шалғай ауылдарында 2550 адамның қатысумен 26 кездесу өткізілді. Жиынға жұмыссыз жастар, NEET санатындағы жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар, аудан, қала тұрғындары, студенттер, оқушылар қатысты.

Облыста құрылған полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағының мүшелері және Талдықорған қалалық жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, түнгі клуб, ойын-сауық орындары мен дәмханаларда рейд жүргізіліп, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. «Жалын» жасақшыларының қатысуымен «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік күні» акциясы, «Bright Future» (Жарқын болашақ) атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы автошеру өткізілді.

«Жасөспірім» түнгі рейді облыс деңгейінде айына 2 рет барлық аудан, қалаларда өтікізіліп тұрады.

Алматы облысының жастары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында 20 аудан, қалада 1200-ден астам жаспен кездесу, сондай-ақ, этносаралық келісімді насихаттау және бірлікке шақыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен бірге жалпы 2400 жасты қамтыған «БІР ХАЛЫҚ –БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР» атты кездесуде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша толық ақпараттар берілді.

Облыстағы “Жетісу Еріктілер” жобасын дамыту жұмыстары атқарылуда.

Еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында облыста жастардан құралған арнайы жұмысшы топ 17 аудан 3 қаланы қамтып, 1000-нан астам жастармен кездесіп, насихат жұмыстарын атқарды.

Сондай-ақ, 7-8 қараша күндері аралығында Алматы облысының «Жас еріктілері» арасында облыстық спартакиада (футбол, волейбол, гір тасын көтеру және армреслингтен). Сондай-ақ, «Жетісу еріктілері» арасында облыстық слет өтті. Слет аясында 5 бағыт бойынша оқыту семинарлары өткізіліп, Алматы облысының «Үздік ерікті», «Үздік ерікті топ», «Үздік ерікті жоба» номинациялары бойынша женімпаздар марапатталды.

Сондай-ақ, жыл сайын дәстүрге айналған Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2019» облыстық жастар сыйлығын тапсыру рәсімі 28 қараша күні ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829129-almaty-oblysynda-zastar-zyly-aasynda-kandaj-zmystar-atkaryldy/

pixel