Кіруге тыйым салынған атышулы Березовка ауылының бүгінгі жай-күйі қандай (фото, видео)
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысы, Бүрлі ауданында өмір сүруге тыйым салынған Березовка деген ауыл бар. Жақын күндері мұндағы ғимараттың бәрі бұзылып, елді мекен тегіс жерге айналмақ. Бір кездері халыққа толы болған ауылдың бүгінгі келбеті қандай екенін KAZ.NUR.KZ порталы Уральская неделяға сілтеме жасап анықтап көрді.

Осыдан тура бес жыл бұрын 28-қарашада Қарашаған маңыда орналасқан Березовка ауылында балалар белгісіз газдан уланды. 19 мектеп оқушысы мен үш мұғалім Ақсай қаласындағы ауруханаға улану белгісімен түскен.

Кейін ауыл тұрғындары жиі есінен танатын болған. Халықтың жанайқайынан кейін 2015 жылы биліктегілер ауылды көшіруге шешім шығарады.
Көшуге кеткен барлық шығынды "Қарашаған Петролиум Оперейтинг Б. В" компаниясы мойнына алады.

Ауыл ресми түрде газдан уланғандықтан көшірілсе де, аталмыш компания халықтың улануына өздерін кінәлі деп санамаған.
Қазір Березовкада өмір сүруге тыйым салынған. Жақын күндері мұндағы барлық ғимараттар мен үйлер толық бұзылып, ауылдың өзі теп-тегіс жерге айналмақ.

Ауылға тікелей жолмен кіру мүмкін емес. "Аймаққа кірге рұқсат жоқ! Өмір сүруге тыйым салынған!" деген жазбалар елді мекеннің әрбір жерінде кездеседі.

Мұндағы үйлерден тек кірпіштері ғана қалған. Бірнеше уақыт бұрын іші халыққа толы аймақ бүгінде адам танымастай өзгеріп кеткен.





Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829656-bko-da-mir-sruge-tyjym-salyngan-auyldy-bgingi-kelbeti-kandaj-foto-video/