jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ресейлік Роман Бобиков "Әлем барысы" атанды (фото)

: Twitter

Алматының "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында қазақ күресінен IV "Әлем барысы" чемпионаты өз мәресіне жетті. Ресейлік балуан Роман Бобиков 2019 жылғы "Әлем барысы" атанды. Ол финалдық белдесуде Айбек Нұғымаровтан басым түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роман Бобиков. Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі
Роман Бобиков. Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі: Twitter

Ресейлік балуан Роман Бобиков финалдық белдесуде екі дүркін "Әлем барысы" Айбек Нұғымаровты жеңіп, алтын белбеу мен 10 млн теңге ұтысқа ие болды.

Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі
Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі: Instagram

Ал күміс белбеуді еншілеген Айбек Нұғымаровқа 6 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі
Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі: Instagram

Сондай-ақ дүбірлі додада үшінші орынға қол жеткізген қазақстандық балуан Мақсат Исағабылов қола белбеу мен 3 млн теңге ұтысқа ие болды. Айта кетейік, ол жартылай финалдық белдесуде отандасы Айбекке есе жіберіп, үшінші орынға таласта өзбек балуанынан басым түсті.

Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі
Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі: Instagram

Еске сала кетейік, бұған дейін "Әлем барысында" еліміздің намысын қорғаған тағы екі балуанымыз жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Осылайша, "Алматы барысы" Руслан Әбдіразақов тартысты белдесуде Моңғолия елінен келген қандасымызға есе жіберсе, Маңғыстау обылсының өкілі Нұрдаулет Жарылғапов Грек балуанынан айласын асыра алмады.

Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі
Фото: "Қазақстан Барысы" баспасөз қызметі: Instagram

Айта кетейік, IV "Әлем барысында" 30 елден келген 33 спортшы бақ сынады. Еліміздің намысын қорғаған төрт балуанымыздың екеуі жүлделі орындарға қол жеткізді.

Ресейлік Роман Бобиков "Әлем барысы" атанды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.