Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы көңілдесімен қосылғысы келетін тұрмыстағы келіншек желіде мұңын шақты

Опубликовано:

Күйеуіне 23 жастағы жігітпен опасыздық жасап жүрген 31 жастағы келіншек көңілдесін шын сүйіп қалғанын сөз етті. Айтуынша, о баста олар тек төсек қатынасы үшін кездесіп, кейін бір-бірін сүйіп қалыпты. Енді жас жігіт сүйіктісін отбасын тастап кетуге үгіттеп жүр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

23 жастағы көңілдесімен қосылғысы келетін отбасылы келіншек желіде мұңын шақты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

"Жасым 31-де, тұрмысқа шыққаныма 9 жылдың жүзі болды. Күйеуіме сүйіп қосылмадым. Сырттай керемет, тату отбасы болып көрінеміз. Бірақ мен оған екі жарым жыл басқа біреумен опасыздық жасап жүрмін. Оның жасы 23-те. Өзі бойдақ, ата-анасыз өскен.
О баста екеуіміз тек төсек қатынасы үшін кездесіп, араласып жүрдік. Ал соңғы жарты жылда сезіміміз күшейе түсті. Менің ажырасып, оған тұрмысқа шыққанымды сұрап жүр. Ешкіммен кездеспейді, маған адал. Жас айырмашылығынан ұяламын, бірақ ол жалғыз өскендіктен санасы жоғары. 23 жастағы балаға ұқсамайды. Жас та болса жеке кәсібі бар", - дейді ол.

Келіншектің сөзінше, жас жігіт енді өз отбасын құрығыс келетінін айтып, әйелдің күйеуімен ажырасып кетуін талап етіп жүр екен. Алайда сүйіктісінің ұсынысты қабылдай қоймағанын түсінген жігіт онымен айырылысып кетуге шешім қабылдапты.

"Менің сөзіме құлақ асады. Бірақ соңғы кездері маған талап қойып жүр. Өзінің үйленетін жасы келгенін, отбасы құратынын айтады. Уақытты созып жүрнмін. Ажырасуға қорқамын. Ол менің ажыраспайтынымды түсініп, енді менімен айырылысатынын айтты. Қалаған уақытында маған хабарласа алмай, тығылым жүруден шарашағанын сөз етті. Кеше түні бойы жылап шықтым. Не істерімді білмей қалдым. Мен оны шынайы жақсы көремін. Оның үстіне біздің мәнездеріміз бір-біріне сай келеді", - деді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830857-23-zastagy-kildesimen-kosylgysy-keletin-otbasyly-kelinsek-zelide-myn-sakty/

pixel