Алматыда Kcell мен Samsung-тің алғашқы ко-бренд дүкені ашылды
Жарияланған күні:
Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында Kcell мен Samsung-тің алғашқы ко-бренд дүкені ашылды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары бутиктен Kcell-дің келісімшарттық байланыс пакеті бар әйгілі әлемдік өндірушінің кез келген смартфон моделін бөліп-бөліп немесе толық құны бойынша сатып ала алады.
Қос компания өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтарды бірегей ұсыныстар мен сыйақылық деңгейдегі сервис күтуде.
Заманауи және жайлы дүкенде қажетті смартфонды тексеруге және сатып алуға, модельдің техникалық сипаттамаларына қатысты кеңес алуға, тарифтік жоспарлар туралы білуге және өзіне ыңғайлы пакетті таңдауға болады, ал Samsung Smart Service кеңесшілері қажетті баптауларды жасауға көмектеседі.
Одан бөлек, смартфондарға kcell.kz және activ.kz сайтында онлайн түрде тапсырыс беріп, артынан дүкеннен келіп алып кетуге болады. Алғашқы сатып алушылар алған смартфон экранына қорғау шынысын тегін орналастыра алады.
Ал дүкеннің ашылуында алғашқы 100 сатып алушы Galaxy Fit -фитнес-білезіктерін, "Яндекс. Плюс" бір жылдық премиум жазылуын, шыны ауыстыруға сертификат және 20 ГБ бонусты интернет-трафик сынды жағымды сыйлықтар алды.
Сонымен қатар, өз кезегін күтіп отырған келушілерге ұялы телефоннан фильм немесе басқа да ойын-сауықтарды көруге смартфондар беріледі.
"Кселл" АҚ бас директоры және басқарма төрағасы Каспарс Кукелис ұялы байланыс операторына Samsung компаниясымен өзара тиімді әрекеттесу моделін табу оңай болғанын айтты. Оның бір себебі-Kcell және activ ұялы байланыс пайдаланушылары тарапынан осы бренд құрылғыларына жоғары сұраныстың болуы.
"Бұл дүкеніміздің ашылуына біздің серіктесіміз- Samsung компаниясының қолдауы септігін тигізді. Біздің сатылымдарымызда бұл бренд 2019 жылы жеке сату нүктелерінде де, онлайн-дүкенде де 50% - дан жоғары басым үлесті құрады. Жақын арада бұл дүкен ең жақсы таңдаумен барлық жаңалықтардың басты нүктесі болады. Біз, өз кезегімізде, жаңа модельдер бізбен бірге және осында шығарылатынына кепілдік ала аламыз",- деді өз сөзінде Каспарс Кукелис.
Орта Азиядағы Samsung Electronics президенті Санг Ву Хан бірлескен сауда дүкенінің ашылуын ритейл саласындағы жаңа дәуір деп атады.
"Бұл клиенттерге эксклюзивті ұсыныстар жасауға дайын алғашқы сыйақылы ко-бренд дүкені. Әрине, сіз дәл осындай Galaxy S10 флагманын басқа ресми дүкеннен сатып ала аласыз, бірақ мұнда біз клиент үшін сатып алу ғана емес, сонымен қатар қосымша қызметтер мен сервисті алуға мүмкіндік береміз. Ал серіктесімізге келер болсақ, Kcell-Қазақстандағы сыйақы қызметі бар үздік оператор. Біз бұл компаниямен бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеміз. Ал соңғы жылдары қос бренд те сыйақы үлесінде айтарлықтай өсті",- деді Санг Ву Хан.
Оның сөзінше, дүкеннің осы айда ұсынатын ұсыныстары басқа ритейлерлерге қарағанда тиімді әрі өзгеше болады.
Санг Ву Ханның сөзінше, Kcell мен Samsung-тің бірлескен дүкені жақында Шымкент қаласында ашылады. Алдағы уақытта бірнеше сауда нүктелері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында да ашылу көзделіп отыр. Смартфондарды басқа қала тұрғындарына жіберу сынды қызметтер пайда болады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, Kcell / activ бөлшек сауда желісі Қазақстанда төрт жылдан астам уақыт жұмыс істейді және оператор абоненттері мен дүкендер клиенттері арасында танымал. Енді Samsung брендінің жанкүйерлері жаңа эксклюзивті ко-бренд дүкенінде ұялы байланыс қызметтерімен бірге смартфон сатып ала алады.
Дүкен Dostyk Plaza сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831206-almatyda-kcell-men-samsung-ti-algasky-ko-brend-dkeni-asyldy/