jitsu gif

Қызметкерлерімен бірге асханада түскі ас ішкен Рахымбаев көпті сүйсінтті (фото)

: Facebook

Еліміздегі танымал құрылыс компаниясының басшысы, меценат Айдын Рахымбаев қызметкерлерімен бірге асханада түскі ас ішіп, көптің ыстық ықыласына бөленді. Меценаттың сөзінше басшылық қызметкерлеріне қашан да жақын болу керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Facebook

Айдын Рахымбаев қызметкерлерге арналған асханада тамақтанған суретін өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

"Бүгінде лифтіде әріптесім, "Асханаға барсаңыз, жасымық сорпасын ішіңіз, өте дәмді" деп айтқан еді. Бірінші басшы не себепті уақыт тауып, асханада тамақтануы тиіс? Біріншіден тамақ сапасы төмендемейді, екіншіден – сондағы атмосфера, интерьер жақсара түспек.

Ал ең бастысы - осылайша сіз өзіңіздің тобыңызға деген құрметті көрсетесіз. Басқаша айтқанда, олар сенімен бір дастарханда қара нанды бөліп жеп, сіздің тарапыңыздан қолдау барын сезеді.

Арадағы кедергілер жойылып, басшымен қарым-қатынас жеңілдей түседі. Сүйікті кітаптарымның бірі "Ақ қарғаның сабақтарында" Кен Айверсон жазғандай: "басшының өзгелерден асып бара жатқан түгі жоқ, оның тек жұмысы басқа".

Өзін көшбасшымен тең сезінген әріптестер өздерін компанияның құнды бөлігі ретінде сезінеді де, одан әрі ынталанады. Айтпақшы жасымық сорпасы шынымен де дәмді болды", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары меценаттың аталмыш әрекетіне сүйсіне қараған. Олар:

"Басшылардың бәрі сіздей болса", "Жарайсыз", "Осы қарапайым қалпыңыздан таймаңыз", "Үлгі тұтарлық жансыз, ісіңізге Алла береке берсін", - деген тілектерін жаудырып жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.