Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери колоннаны жалғыз өзі тоқтатқан қазақ сарбазы туралы білесіз бе (фото, видео)

Опубликовано:

2008 жылы ғаламторды Оңтүстік Осетия мен Грузия арасындағы қақтығыста грузин әскери колоннасын жалғыз өзі тоқтатқан ресейлік пулеметшінің суреті шарлап кетті. Шетелдік журналистердің де қызығушылығын тудырған бұл сарбазды көпшілік алғашында бурят Бато Дашидоржиев деп таныған еді. Ол екі-үш күннен кейін әскери қақтығыстар кезінде қаза тапты деген мәлімет те тараған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тасболат Ибрашев. Фото: punkt-a.info
Тасболат Ибрашев. Фото: punkt-a.info: Facebook

Араға бірнеше жыл салып, өжет сарбаз жайлы ақпарат қайта пайда болды. Бірақ, бұл жолы қақтығыс кезінде қайсарлық танытқан пулеметшінің бурят емес, Астрахань қаласында тұратын қазақ екені анықталды.

Ерлік көрсеткен сарбазды бурятиялық Мемлекеттік дума депутаты Алдар Дамдинов бірнеше жыл бойы іздеген екен. Оған қазақ батырын та­уып алуға Семен Атанов атты еркін күрес жаттықтырушысы көмектесіпті.

Ақырында қаһарманды тапқан ол жаңалығын Facebook парақшасында жариялады. Депутаттың айтуынша, сарбаздың есімі Тасболат Ибрашев. Ұлты-қазақ. Үйленген, екі баласы бар.

Алдар Дамдинов және Тасболат Ибрашев. Фото: Facebook
Алдар Дамдинов және Тасболат Ибрашев. Фото: Facebook: Twitter

Әйгілі бейнероликте РФ ҚК сарбазы Грузия ҚК мотомеханикаландырылған жаяу әскеріне пулеметпен қарсы тұрады. Ол жол беруді сұраған колонна офицерлеріне "Жоқ" деген жауап қайырады. Кейіннен пулеметшімен сөйлеспек болған БАҚ өкілдері де дәл сондай жауап алады. Нәтижесінде колонна артқа бұрылып, қайтып кетуге мәжбүр болады.

Осыдан 11 жыл бұрын, 2008 жылы 8 тамызда болған оқиға жайлы Тасболат Ибрашевтің өзі де баяндап берді.

Қазақ сарбазының айтуынша, ол Шешенстанның Шали елді мекеніндегі атқыштар дивизиясының құрамында пулеметші болып жүрген. Дәл сол күні рота командирі грузин әскерлерінің жинақталып жатқанын айтып, оларды Грузияның Гори қаласына жақын жердегі блокпостқа орналастырады.

Бірнеше күннен кейін офицер Штанденко (нақты фамилиясы белгісіз) қатарында Тасболат бар үш солдатты жолға алып шығады. Осы жерде олар осетин жеріне беттеген грузин әскери колоннасына қарама-қарсы келеді.

Фото: Facebook/ Алдар Дамдинов
Фото: Facebook/ Алдар Дамдинов: Twitter

Басқарушы офицер грузиндермен келіссөз жасауға кетеді де, екі солдатты жол жиегіне орналастырады. Ал Тасболат қақ ортада пулеметпен қалады. Оған офицер қандай жағдай болмасын, кері кетпеуді бұйырады.

"Осылайша, мен грузин әскерлеріне қарсы өзім жалғыз тұрдым. Сол сәтте грузин колоннасы жақтан "өткіз", "жолдан кет" және тағы басқа грузин тіліндегі сөздер айтылып жатты. Мен оларға бұл бұйрық екенін, сол үшін жолдан кетпейтінімді айттым. Біршама уақыттан соң колонна бұрылып, кетіп қалды",- дейді Ибрашевтің өзі.

Бұл оқиғаға шетелдік БАҚ өкілдері назар аударып, "Орыстарға 300 керек емес, біреу де жетеді" деген ұранмен видео даярлаған. Ал Тасболатың өзі аталған бейнероликті бірнеше жылдан кейін ғана көріпті.

"Мен журналистерді көрдім. Олар колонна келмей тұрып, түсіріп жатты.Тек бірнеше жылдан кейін ғана "300 керек емес, біреу де жетеді" бейнеролигін қарап, мені Бато Дашидоржиев деп атағандарына таң қалдым. Ол уақытта бізде бір де бір бурят болмаған. Қатарымызда тек қазақтар, дағыстандықтар, армяндар мен орыстар ғана қызмет өтеді", -дейді қазақ қаһарманы.

Мемдума депутаты Дамдинов таң қаларлық оқиғаға байланысты РФ Қорғаныс министрлігіне тиісті сұраныс жіберетінін айтты.

Ол осы жаңалықты Ибрашевті табуға көп күш жұмсаған Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ревомир Баярович Гармаевтің естімегеніне өкініш білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831814-skeri-kolonnany-zalgyz-zi-toktatkan-kazak-sarbazy-turaly-bilesiz-be-foto-video/

pixel