Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев желідегі патриоттық челленджге қолдау білдірді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайы желіде тараған челленджді қолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Аталмыш челлендж аясында елдің барлық облысы мен әртүрлі ұлттан құралған қазақстандықтар "Мен Қазақпын" әнін орындайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында аталған акцияға қатысты қолдау сөзін білдірген.

"Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады", - деп жазды президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы атауын Алма-ата деп өзгертуге қатысты президенттің не ойлайтыны жарияланған болатын. Мемлекет басшысы мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы негізінде, азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек деп есептейді.

Айта кетсек, бұған дейін танымал қазақстандық жазушы, ақын және қоғам белсендісі Олжас Сүлейменов Алматыға бұрынғы "Алма-Ата" атауын қайтаруды қолдайды. Оның бұл идеясын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен оңтүстік астана басшысы Бақытжан Сағынтаев қолдағаны хабарланды.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев та желідегі парақшасында өзінің көзқарасын білдіріп, бұл мәселені қарастырмағанын және әкімдіктің күн тәртібінде жоқ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832002-tokaev-zelidegi-patriottyk-cellendzge-koldau-bildirdi/

pixel