Алматыда бір топ адамды қаққан ағайындыларға қатысты сот басталды
Жарияланған күні:
Биыл жаз соңында екі ер адам оңтүстік астананың қақ ортасында бір топ адамды қасақана қаққаны туралы ақпарат шығып, барша қазақстандықтарды дүрсілкіндірді. Желіде тіпті, оқиға орнынан видео тарап кеткен. Жантүршігерлік жағдайға қатысы бар жігіттер өз құрбандарын көлікпен әдейі қуғаны анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға бил жаз соңында оңтүстік астанадағы Гагарин даңғылының бойында орын алды.
Бір топ адамды қағуға қатысы бар екі жігіт туған бауырлар болып шықты. Олар адам денсаулығына аса ауыр зиян келтіріп, оларды таңғы уақытта қағып кеткені үшін айыпталуда. Ғаламтор кеңістігінде тарап кеткен бейнежазбалардан жүргізушілердің өз құрбандарын әдейі қаққанын аңғаруға болады.
Оқиғаға қатысы бар азаматтардың бірі 24, екіншісі 21 жаста болып шықты. Қалалық полицияның хабарлауынша, бұл заңбұзушылыққа екі тарап арасындағы өзара келіспеушілік пен жанжал себеп болған.
Екі күдікті де тергеу уақытына қамауға алынды.
Бүгін Алматыда олар сот алдына келді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Прокурор күдіктілерді бұзақылық пен адам өміріне қастандық жасау бойынша айыптап жатыр. Айта кетерлігі, адамды өлтіру аяқсыз қалған.
Ағайынды азаматтар адам өліміне қастандық жасады деп танылса өмір бойына бас бостандығынан айырылып, темір торға тоғытылу мүмкін.
Ағйынды жігіттердің анасы ұлдарына тағылып жатқан айыптаулармен келіспейтінін айтып, жанайқайын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832776-almatyda-bir-top-adamdy-kakkan-agajyndylarga-katysty-sot-bastaldy/