Қазақ балуаны қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл дода 90 келі сынға түскен Дастан Ықыбаев қазақ күресінен әлем чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем біріншілігіне 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.
21-ші желтоқсанда қыздар 70, 75, 75+ келі салмақ бойынша күш сынасса, ерлер 90, 100, 100+ келі салмақта өзара мықтыны анықтады.
Бұл күні қазақтың балуан қыздары тек жүлделі орындардан көрінді. Ал ерлер құрамасында 90 келі салмақта сынға түскен Дастан Ықыбаев қарсылас шақ келтірмей, қазақ күресінен әлем чемпионы атағын иеленді.
100 келіден жоғары салмақта қазақтың намысын қорғаған Талғат Әмренов қола жүлдегер атанса, 60 келіде белдескен қазақ балуаны Архат Қайырбеков те алтыннан алқа тақты.
Отандасымыз моңғолиялық балуаннан айласын асырып, әлем чемпионы болды.
Айта кетейік, елордадағы әлем біріншілігі UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілердің қатысуымен өтті.
Қазақ күресінен VIII әлем чемпионатын біріккен күрес әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ұйымдастырды.
Жарыстың жалпы жүлдеқоры – 75 мың доллар, бұл шамамен 28 миллион теңге.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше боксшы Данияр Елеусінов те кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.
Жекпе-жек АҚШ-тың Аризона шатына қарасты Феникс қаласында өтті.
Отандасымыз америкалық Алан Санчесті өзі жерінде жеңді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832830-kazak-baluany-kazak-kresinen-lem-cempiony-atandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.