jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ТС
Тилеген Султан
Бұрынғы қызметкер

Көкшетаулық студент «Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті» қатарына енді

: Facebook

Қазақстан астанасында WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2019 чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша облыс студенттері үздік жүлделі орындарға ие болды, ал Лаура Маджитова «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» атанды, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Көкшетау студенті «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» қатарына енді
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2019 халықаралық жобасының миссиясы-кәсіби бағдар беру және кадрларды даярлау тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарт негізінде түрлі салаларды кадрлық қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыру. Бұл - талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Ж. Мусин аьтындағы «Көкшетау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК «Бастауыш оқыту» мамандығының 3 курс студенті – Лаура Маджитова «Бастауыш білім беру» құзыреттілігіне қатысты»:

- Әркім өз оқу орнының абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға ұмтылуы тиіс деп ойлаймын. Бұл менің жеңісім ғана емес. Мұғалімдердің арқасында мен өз мақсатыма қол жеткіземін. Мені шабыттындырып, алға талпынуды үйрететін өз мүғалімдеріме алғыс айтқым келеді. Алдағы уақытта мен өз оқуымды жалғастырып, щдағдылар мен білімді жақсартқым келеді. Алдағы уақытта мектепте, балалармен жұмыс істегім келеді.

Жоба үш кезеңнен тұрды: ішкі, өңірлік және республикалық. Республикалық кезеңге түскен студенттер өз мамандығын шағын видеороликте көрсетуі тиіс. Лаура қазылар алқасына «Бастауыш білім» құзыреттілігінде қысқа метражды ролик ұсынды. Сондай–ақ, аталған чемпионаттың жеңімпазы жоғары техникалық колледж студенті Максим Соколовский болды»:

– Біз роботты ойлап таптық, ол өзі шарларды палеткаға салып, оларды алып кетулері керек еді. Тапсырма 3 модульден тұрды. Біздің қолымыздан бәрі келеді, мен өте қуаныштымын! Чемпион мәртебесі-мен үшін үлкен жетістік! Жеңіс қанағаттану сезімін және алға, жаңа жеңістерге ұмтылуды ынталандырады.

Бұл жобаға студенттердің қатысуы беделді компанияларға жұмысқа тұру және білікті маман болу үшін тамаша артықшылық береді. Өйткені, бүгінгі таңда жақсы кәсіби дағдыларға ие бола отырып, жас ұрпақ ертең сапалы болашақты қалыптастырады.

Көкшетаулық студент «Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті» қатарына енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.