jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түрік медициналық туризмі қауымдастығы туралы білесіз бе

: Facebook

Әлемде бұрыннан бері жолға қойылған медициналық туризм саласы Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңа түсінік болып саналады. Бұл бағыт денсаулық сақтау мен туризм секілді екі саланың тоғысуы нәтижесінде пайда болған.

Түркия – әлемдік медициналық туризм орталығы
: Facebook

Мақсаты – түрлі дертке душар болған пациенттерге диагностика, ем алу немесе оңалту шаралары бойынша бағасы мен сапасы жөнінен анағұрлым тиімді болатындай, ел ішінде, болмаса шетелден клиника таңдауға көмек беру. Сонымен бірге, медициналық туризм науқас пен оның жанында еріп жүрген тұлғаларға жолда және ем алу кезінде барынша ыңғайлы әрі жайлы болу үшін жағдай жасайды.

Қазіргі таңда Қазақстандағы медициналық туризм енді аяққа тұрып келе жатыр. Бұл тұста медициналық туризмді бұрыннан бері сәтті түрде жүзеге асырып отырған мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу өзекті болып отыр.

Мұндай елді алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бүгінгі күні әлемдік медициналық туризмнің орталықтарының бірі Түркия болып саналады.

Түркия – әлемдік медициналық туризм орталығы
: Facebook

Дамыған елдерде ем алу құнының көтерілуі пациенттердің жаңа талаптар қоюына түрткі болды. Мәселен, олар тиімді бағада жоғары медициналық қызмет көрсетумен қатар қосымша артықшылықтары бар туристік қызмет көрсетуді де талап ете бастады

Соңғы онжылдықта үкіметтің және жеке меншік инвесторлардың қолдауымен заманауи жетістіктерге негізделген, батыс медицинасының тәжірибесін қолданатын инновациялық, жоғары технологиялық, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан айтарлықтай қолжетімді медициналық индустрияны жасақтаған Түркия бұл мүмкіндікті қолдан жібермеді.

2005 жылы халықаралық медициналық туризмді дамыту және шетелдік пациенттерге көмек көрсету мақсатында Түрік медициналық туризмі қауымдастығы (ТМТҚ) құрылды. Бүгінде ТМТҚ Түркияда ғана емес, әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы ірі қауымдастық саналады. Оның ауруханалар, клиникалар, термальды және оңалту орталықтары, сауықтыру кешендері, сонымен бірге 92 елдегі 167 өкілдіктерінен тұратын желіні қоса есептегенде 375 мүшесі бар.

Түркия – әлемдік медициналық туризм орталығы
: Facebook

Дамыған инфрақұрылымы мен баға мен медициналық сапаны айрықша үйлестірудің арқасында Түркияға ем алу және диагностика мақсатында жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 1 миллионға жуық адам келеді. Бұл таңғаларлық жайт емес, себебі Түркия медицинаның барлық бағыты бойынша батыстың және әлемнің жетекші елдерімен иық тіресіп тұр. Көптеген дәрігерлері Германия, Еуропа мен АҚШ-тың өзге де елдерінде білім алып, тағылымдамадан өткен. Десе де, Түркиядағы медициналық қызмет Батыс Еуропа, Америка немесе Израильмен салыстырғанда айтарлықтай қолжетімді.

Үздік түрік клиникалары пациенттерге медициналық қызмет көрсету бойынша ең жоғарғы JCI және TEMOS International халықаралық сапа стандарттармен сертификацияланған.

Түркия – әлемдік медициналық туризм орталығы
: Facebook
“Түркия бүгінде медициналық қызмет көрсету саласы бойынша көптеген мүмкіндіктер ұсынып отыр. Бізге күн сайын ем алу мен оңалту бойынша 165 елден сұраныс келеді. Негізінен, сұраныс ересектер мен балалар трансплантологиясы, нейрохирургиясы, ортопедиясы, кардиологиясы салалары болып отыр», - деді Түрік медициналық туризмі қауымдастығының (ТМТҚ) төрағасы Эмин Чакмак.

Нақты әрі уақытылы диагноз қою, жоғары сапалы емдеу, тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік, жайлы орналастыру, асқынулар қаупінің төмендігі және чек ашықтығы – бұл ауыр дертке душар болған және дертті жеңуге бел буып, болашақта толыққанды өмір сүруге ұмтылған әр пациентке қажет жағдайлар.

Толығырақ Түрік медициналық туризмі қауымдастығы өкілінен біле аласыз:

*PR құқығында

Түрік медициналық туризмі қауымдастығы туралы білесіз бе

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.