Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Террорист қыз қайда": Ақтөбедегі ЖОО-да студенттер қысым көргенін жайып салды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбедегі Жұбанов университетінің бір топ студенті тілшілерден араша сұрап жүр.  "Үмітіңді үзбе" еріктілер клубының мүшелері оқытушыларынан қысым көргенін айтады. Өңірде төрт жылдан бері қайырымдылық шараларына белсене қатысатындар өздеріне жала жабылып жатқанына налыды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

рррррр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Жұбанов университетінің жанынан құрылған "Үмітің үзілмесін" еріктілер клубының төрағасымын. Біз төрт жылдан аса уақыт жұмыс жасап жүрміз. Қатарымызда 250-ден аса ерікті жастар бар.

Біз университетте көріп жатқан қысым туралы айтқымыз келеді. Оқытушылар оқудан, жатақханадан шығасың деген қорқытулармен еріктілер қатарын азайтуда. Басшылық студенттерді бір-бірімен жауластырып, түсініксіз жайлар болып жатыр.

Еріктілер тобын оқытушылар экстремистік ұйым деп айыптайды.
рррррр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Біз осы мәселені 1,5 айдан бері университет ішінде айтып келеміз. Сұрағымыз шешілген жоқ.

Еріктілерге сендерді біреу қаржыландырып отыр деп орынсыз жала жабады. Студенттер арасында түсініспестік туғызғандардың жазалануын талап етеміз", - дейді студент Мейрамбек Жолдыбаев.

Оқытушылардың әрекетін түсінбеген еріктілер бүгін оқу орнының алдына жиналды.

рррррр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Мені деканның орынбасары шақырып "сен оранып жүргендерді қолдайтын болып тұрсың" деді. Мен жай айтылған түсіндірулер болар деп ол сөздерге көңіл бөлген жоқпын.
Бірақ кейін группаластарыммен тұрғанда бәрінің көзінше "жаңағы террорист қыз қайда?" деп айтқан сөзін ыңғайсыз көрдім", - дейді студент-ерікті Ақниет Далабаев.

Еріктілер арасында діни көзқарасы үшін қысым көргендер бар.

рррррр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Маған оқытушылар "намаз оқисың" деп тиісті. "Үмітің үзілмесін" еріктілер тобы террористік ұйым деп айтады.
Ол сөз ойнайтын, оқытушылар айтатын сөз емес. Біздің құқымыз бұзылып жатыр деп ойлаймыз. Мен университетте намаз оқып, діни кітап әкеліп жатқан жоқпын", - дейді студент Бекзат Ғазизұлы.

Осы жағдайды түсіндірген оқытушылар өздерінен қателік кеткенін мойындайды.

рррррр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Жас маман ақпаратты ата-анаға дұрыс жеткізбеген. Биыл жұмысқа қабылданған куратор еді. Ол ата-анаға аудио жазба жіберген. "Террорист" деп айту дұрыс емес әрине. Ондай сөзді айтуға болмайды. Оған келісемін", - дейді педагогика факультетінің деканы Жанна Азатқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833442-terrorist-kyz-kajda-aktbedegi-zoo-da-studentter-kysym-krgenin-zajyp-saldy-foto/

pixel