Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаудағы жастарға мемлекет қалай қолдау көрсетіп жатыр

Опубликовано:

Бүгінгі күні жұмыспен қамту саласында басым бағыттардың бірі жастарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жастарды қолдау мақсатында Көкшетау қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жастар практикасын іске асырады.

Көкшетаудағы жастарға мемлекет қалай қолдау көрсетіп жатыр

Жыл басынан бері жастар практикасымен 142 адам қамтылды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары ағымдағы жылдың наурыз айынан сәуір айына дейін «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК оқу орынында, «А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті», «Арна» Көкшетау жоғары колледжі, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК, «Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі» және «Көкшетау қаласы «№1 құрылыс-техникалық колледжі» КММ мекемлерінің түлектеріне, оның ішінде «Серпін-2050» бағдарламасының студенттеріне Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, бос орындар жәрмеңкелеріне, семинар-кеңестерге және дөңгелек үстелдерге қатысты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады және жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. А.ж. 14 маусымында «Достар» МС-да жастар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, оған 51 жұмыс беруші қатысты, 250-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды, оған 200-ден астам адам қатысты, олардың ішінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын түлектер болды. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер сауалнама жүргізіп, түйіндемелер жинап, жұмыссыз адамдарды әңгімелесуге шақырды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыспен қамтудың белсенді түрлері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді,олардың бірі жастар тәжірибесі болып табылады.

Көкшетаудағы жастарға мемлекет қалай қолдау көрсетіп жатыр

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында «Бастау» жобасы бойынша 1 ай мерзімге 258 адам оқуға жіберілді,оның ішінде 93 адам жастар.2019 жылы алғаш рет 29 жасқа дейінгі жастар үшін жаңа бизнес идеяларды дамытуға 200 АЕК көлемінде грант қарастырылған.

Осы бағыттың қатысушыларының бірі Көкшетау қаласының тұрғыны 02.12.1993 жылы туған, «Қазақ тілі мұғалімі» мамандығы бар Есмағамбетова Ботагөз Нариманқызы болды. Ағымдағы жылдың басында Ботагөз Нариманқызы халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді, онда оған осы мекеменің қызметкерлері бағдарлама аясында көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына қатысты түсініктеме берді. Нәтижесінде Ботагөз Нариманқызы бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалануды шешті және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жіберілді.

«Бастау Бизнес» аяқтаған соң Ботагөз Нариманқызы 200 АЕК дейін жаңа бизнес идеяларды ашуға мемлекеттік гранттар беруге қатысты. Осылайша, Ботагөз Нариманқызы Ақмола облысы бойынша «Атамекен» ӨКП ұсынған бизнес-жоспар құра алды. Берілген бизнес-жоспарды және басқа да тиісті құжаттарды қарап, «Атамекен» ӨКП жанындағы комиссия оған «Әйелдерге арналған сұлулық салоны» жобасына 505 000 теңге көлемінде грант бөлуді мақұлдады.

Жастар халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген кезде оларға жұмыс берушілерден бос жұмыс орындарын ұсыну жолымен жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде Ақмола облысының аумағында оларды бекіту үшін қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары түрінде Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833529-kksetaudagy-zastarga-memleket-kalaj-koldau-krsetip-zatyr/

pixel