"Әрдайым есте сақтаймыз": Нурмагомедов Қазақстанды екінші отанына теңеді
Опубликовано:
24 желтоқсан күні UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанның оңтүстік астанасына ұшып келді. ОЛ ММА бойынша турнирге мейман болып, алғы сөз сөйледі. Ресейлік спортшы Қазақстанды екінші отанына теңеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: instagram.com/za.khabiba Фото: instagram.com/za.khabiba](https://cdn.nur.kz/images/1120/9a0175fc1173c67b.jpeg)
Нурмагомедов Қазақстанның тек Дағыстан емес, барлық Кавказ үшін орны бөлек екенін айтты.
"Бұл- біздің екінші отанымыз. Мұнда біреулерді жіберді, кейбіреулері көшіп келді. Қазақтар бізді өз бауырлары сияқты қабылдап, әрдайым қолдап жүрді",- деген Хабиб өз отанында "барлығы есте екенін және оны ешқашан ұмытпайтынын" тілге тиек етті.
"Сіздерге көп рахмет", -деді ресейлік чемпион.
Спортшының сөйлеген сәтінің видеосының үзіндісі za.khabiba Instagram-парақшасында жарияланды.
Жазба бірнеше сағаттың ішінде 51 мың қаралым мен 200- ден аса пікір жинады.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға 24 желтоқсан күні келді. Ол Алматыдағы жанкүйерлерімен кездесу барысында қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады.
Қол- аяқсыз дүниеге келген қазақстандық Әли Тұрғанбеков UFC жұлдызымен кездесіп, "Алматы Арена" сахнасында халық алдында жаттығу өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Италияның суперкубогі сарапқа салынған маңызды матчта туриндік "Ювентус" Римнің "Лациосына" 1:3 есебімен ұтылып, чемпиондық атақтан құр қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833536-rdajym-este-saktajmyz-nurmagomedov-kazakstandy-ekinsi-otanyna-teedi/