RU

Көкшетауда ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін «Шексіз жұмыс» жобасы іске қосылады

«IndiGo» білім беру орталығы базасында «Шексіз жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылады. Бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға бағытталған, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы «Aqmola news» АА сілтеме жасай отырып.

Көкшетауда ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін «Шексіз жұмыс» жобасы іске қосылады

«IndiGo» білім беру орталығының директоры Исин Абылайдың айтуынша, әрбір адам кез келген мамандықты оқып, өз бетінше жұмыспен айналыса алады.

«Біздің бірегей білім мен пайдалы дағдылар студиясы барлық қалалықтарға, оның ішінде: жас аналар, балалар және өз кәсібилігін арттырғысы келетін әр түрлі компаниялардың қызметкерлері үшін оқыту мен курстар өткізеді. Сондықтан да біз командамыз авторлық әлеуметтік жобаны әзірледік, онда біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға назар аудардық», - деп атап өтті Исин Абылай.

Жобаның негізгі мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі адамдардың түрлі заманауи бағыттары бойынша білім алу. Оқу курсы екі ай бойы өтеді және SMM, интернет маркетинг, графикалық дизайн және копирайтинг сияқты мамандықтарды қамтиды.

Оқыту болашақта курстарды бітіретін адам ұйымдастырылатын компания есебінен тегін жүзеге асырылады.

Білім беру орталығының директоры болашақ жоспарларымен бөлісті:

- Қоғам бүгінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген өз көзқарасын өзгертуі тиіс. Орталық сияқты біздің міндетіміз осындай адамдарды өздерінің шектеулі мүмкіндіктеріне сүйенбеуге үйрету. Сондықтан біздің жобамыз «Шексіз жұмыс» деп аталады. 1 наурызға қарай біз 50 адамды, ал жылдың соңына қарай 200 адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, алдағы жылы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 түзету мектеп-интернатына және №4 түзеу мектеп-интернатына заманауи мамандықтар бойынша үйірмелер енгізу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, орталық жақында екі құлағы нашар еститін адамдарға есігін ашты. Команда Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығымен байланыс орнатты. Абылай Исин олардың жобасы ең алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдарға пайдалы болады деп үміттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833542-kksetauda-erekse-kazettilikteri-bar-zandar-sin-seksiz-zmys-zobasy-iske-kosylady/