Көкшетауда мұқтаж балалар жаңа жылды қарсы алды

Опубликовано:

70 ерекше бала ата-аналарымен бірге «ОГО-GO» отбасылық ойын-сауық саябағының кең және қонақжай қабырғаларында жаңа жылдық мерекені қарсы алды! «Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен Ақмола облысындағы «Көкшетау арнайы олимпиадасы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Көкшетауда кәсіпкерлер мен жұртшылық ерекше балаларға жаңа жылдық ертегі сыйлады
Фото: Pexels.com: Facebook

Барлық осы іс-шараларға балалар, әсіресе назар аударуға мұқтаж балалар және олардың ата-аналары қатысты. Бұл мерекенің басты кейіпкері Аяз Атаның барлық қатысушыларға сыйлық сыйлауы үлкен қуаныш болды.

"Жаңа жылдық іс-шараны өткізу кезінде біз өз күшімізді басқа қоғамдық ұйымдармен біріктірдік. Нәтижесінде оның қатысушылары «Балалар-періштелер» қоғамдастығының 35 ерекше баласы ғана емес, сонымен қатар Ақмола облысындағы «Көкшетау арнайы олимпиадасы» қоғамдық бірлестігі тағдырымен бірдей 35 бала болды. Бүгін Аяз Ата берген ойыншықтарды облыстың барлық аудандарынан кәсіпкер әйелдер жинаған. Сондай-ақ, балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды үй-үйге тарату жоспарлануда. Осы іс-шараны өткізу барысында біз демеушілерді тарттық. Жыл сайын саналы түрде көмек көрсетуге ниет білдірушілер саны артып келеді, бұл қуантады", - дейді «Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі атынан іс - шараны өткізуге жауапты «Гарант» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Ғалия Зиядденова және «MASTER DRIVE» автокешенінің жетекшісі Ирина Омельян.
"Бұл ерекше балаларды қолдаумен байланысты өткізіліп жатқан алғашқы шара емес. Біздің ұлдарымыз мен қыздарымызды ұмытғандары үшін, барлықт аналар атынан үлкен алғыс айтқым келеді. Барлық балалар өте риза, біз де. Сонымен қатар, ерекше балалар үшін бұл олар сияқты танысудың және сөйлесудің жақсы мүмкіндігі болып табылады. Осындай шаралардың жиі болғанын қаламын", - дейді ерекше балалардың бірінің анасы Айна Сағындықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833618-kksetauda-mktaz-balalar-zaa-zyldy-karsy-aldy/