Bek Air Алматыда ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Бүгін таңертең Алматы маңында Bek Air ұшағы әуеге көтерілген соң бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырады. Осыған байланысты, қазір алматылық әуежайда брифинг өтіп жатыр. Компания өкілі журналистер алдында төтенше оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуе компаниясы өкілінің сөзінше, тіркеу уақыты ұшудан бір жарым сағат бұрын басталған. Рейстер кешіктірілмеген, ұшақ дәл уақытында көкке көтерілген.
Сондай-ақ, компания қызметкері апатқа ұшыраған рейс тұрақты күнделікті рейс екенін атап өтті.
"Техникалық жағдайға байланысты болса бұл мәселемен прокуратура айналысады, мен әзірге айта алмаймын", - дейді компания өкілі.
Қазір әуе компанияның барлық бағыт бойынша рейстері тоқтатылған. Барық өңірлерде билеттер қайтарылып жатыр.
"Экипаждағы көңіл-күй жақсы болған. Артық еш кінәрат байқалмады. Мен ұшақты жеке өзім жаптым. Менің пікірімше, барлығы орнында болды", - дейді Bek Air өкілі.
Сондай-ақ, компания мәлімдеме жасап, барлық қазақстандықтарға қайғырып, көңіл айтты.
"Құрметті қазақстандықтар. Bek Air әуекомпаниясының атынан апатқа байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметтерден ресми ақпарат күтудеміз. Ал сіздерден алаяқтық сипатта таралуы мүмкін анонимді хаттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Өтінеміз, ресми ақпарат күтіңіздер", - делінген әуе компаниясының сайты таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.
Соңғы мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткен.
Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833847-bek-air-almatyda-z-sagyny-apatka-syrauyna-bajlanysty-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.