jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Трамп Иранның зымыран шабуылынан кейін АҚШ халқына үндеу жасады (видео)

: Instagram

Дональд Трамп Иран қарулы күштерінің америкалық әскери базаға жасаған зымыран шабуылынан кейін АҚШ халқына үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Америкалық көшбасшы Иранмен туындаған кикілжіңді әрі қарай жалғастыруға ниетті емес екенін айтты. Дегенмен, ол максималды түрде қысым көрсетуді жалғастыра бермек.

Президенттің сөзінше, ол АҚШ басшысы қызметінде отырғанда Иранда ядролық қару болмайды. Ал Америка Құрама Штатттары базасына жасалған соққы америкалықтарға ешқандай залал келтірмеген, қаза тапқандар жоқ.

Трамп Сулейманиді өлтіру туралы шешімді неге қабылдағанын да түсіндіріп өтті. Оның сөзінше, марқұм лаңкестерді жаттықтырып, америкалық көптеген сарбаздың көзін жоюға атсалысқан. Президент генералды өлтіру туралы шешімді ертерек қабылдау керек еді деп есептейді.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Ресейге, Қытай мен Германияға және Ұлыбританияға үндеу жолдады. Оның айтуынша, аталған елдер Иранның лаңкестерді қолдайтынын түсініп, қабылдауы қажет. Трамп әлем Иранға кісі өлтірушілер мен лаңкестерді қолдау енді қабылданбайтынын ескертуге міндетті екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті америкалықтардың қару-жарағы туралы да айтып өтті. Оның сөзінше, жақсы техника мен қару-жарақтың болуы оны пайалану қажет екенін білдірмейді. Ал АҚШ-тың ең басты қаруы әскери экономикада.

Трамптың халыққа үндеуі 10 минутқа жалғасты. Өз сөзін аяқтаған соң ол сұрақтарға жауап бермей, тұғырдан кетіп қалды.

Айта кетейік, осыған дейін Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери күштері орналасқан нысандарына екінші зымыран толқынын ұшырып жатқанын мәлімдеді.

Трамптың үндеу орыс тілінде.

Трамп Иранның зымыран шабуылынан кейін АҚШ халқына үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.