Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air компаниясының алдағы тағдыры 20 қаңтарда шешілмек

Опубликовано:

Өткен жылдың соңында ұшағы апатқа ұшыраған "Bek Air" компаниясының алдағы тағдыры 20 қаңтарда белгілі болады. Бұл туралы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры Питер Гриффитс мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасындағы "Рахым Ошақбаевпен дөңгелек үстел" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Аталған оқиғаға байланысты шешім қабылдамас бұрын Bek Air-ге қатысты барлық материалдармен танысып шықтым. 2016 жылы бұл компанияда өте күрделі оқиға болған. Осыған байланысты, олар IOSA сертификатын алуға өтініш беруден бас тартты, бұл біршама алаңдаушылық тудырды.
Ал сертификат жоқ болса да, компанияның ұшақтарды пайдалануды жалғастыруы оның жұмысына күдік ұялатады. Сондықтан, бұл компанияның қалай жұмыс істейтініне байланысты тергеу жұмыстарын бастау туралы шешім қабылдадым", - дейді Питер Гриффитс.

Авиациялық әкімшілік төрағасы 27 желтоқсандағы оқиғаға тергеу жұмыстарын жүргізетін команда қатарында емес екенін айтты.

"Қысқа уақыт аралығында екі тосын оқиға болды. Бұл алаңдатарлық жайт. Біз бұл әуе компаниясы авиациялық қауіпсіздіктің талаптарын қалай сақтағанын және қалай бақылағанын тексеруге тырысамыз.
Мен оқиға орнында болдым және әуе кемелері пайдаланылған жағдайды көрдім. Комиссиямен сөйлестім, келесі дүйсенбіде Bek Air болашағына қатысты қорытынды шешімді күтуге болады", - дейді Питер Гриффитс.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған еді.

Әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деген болатын.

Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836465-bek-air-kompaniasyny-aldagy-tagdyry-20-katarda-sesilmek/

pixel